БҚО-ДАҒЫ МАХАМБЕТ УНИВЕРСИТЕТІ ВАКЦИНА АЛҒАНДАР АРАСЫНДА ҰТЫС ЖАРИЯЛАДЫ
М.Өтемісов атындағы БҚУ ректораты оқытушылардың, қызметкерлердің, магистранттардың, студенттердің ұжымын ынталандыру мақсатында 2021 жылдың 1 шілдесі мен 31 тамызы аралығында «Мен өмірді таңдаймын!» атты акциясын өткізеді. Акцияға 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап коронавирусқа қарсы екпе алған тұлғалар қатысады.
Бүгінде университеттің профессорлық – оқытушылық ұжымы, университет қызметкерлері Сovid – 19-ға қарсы вакцинациялау бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуда. Оқу орны ректорының көмекшісі Төрехан Дүйсенбаевтың мәлімдеуінше, акцияны ұйымдастырудағы мақсат – ұжымдық иммунитетті қалыптастыру және 2021-2022 оқу жылында дәстүрлі оқыту форматына көшуді қамтамасыз ету, қызметкерлер мен профессорлық – оқытушылық ұжым мен білім алушыларды Сovid – 19-ға қарсы вакцина алуға белсендіру.
– Акция оқытушылар мен білім алушылар ұжымының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Екпе алғандар ұтыс ойынына қатысады және жеңімпаз атанғандарға сыйлықтар, жеңілдіткер ұсынылады, – деді оқу орнының өкілі.
Атап айтқанда, 120 магистрант пен студентке оқу ақысына 5 пайыздық жеңілдік беріледі.
Сонымен қатар сыйлықтар қатарында Нұр-Сұлтан қаласына – 25 туристік жолдама, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи, Арстан Баб кесенесіне, Отырар қалашығына, Керуен сарайына – 20 туристік жолдама, «Мобилография» курсын оқуға – 10 сертификат, Фитнес – орталыққа – бір айлық 10 абонементтік сертификат бар. 50 қатысушы 15 000 теңге көлемінде сыйақымен марапатталады.
Акцияға қатысушы 50 оқытушы мен қызметкер 30 000 теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталады және 4 адамға «Ақжайық» сауықтыру шипажайына 100 пайыз төлеммен жолдама беріледі.
Ұтысқа ұміткер болу үшін акцияға қатысушы e-mail-ге өзі қатысқысы келетін ұтыс түрін көрсете отырып, вакцинация туралы паспорттың электрондық нұсқасын жіберуі қажет. Оқытушылар мен қызметкерлер zapkazgu@mail.ru электронды пошта мекенжайына, магистранттар мен студенттер k.abylai_95@mail.ru электронды пошта мекенжайына жіберуі тиіс.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу