БҚО-ДАҒЫ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ АУРУХАНАЛАРДА 113 НАУҚАС ЕМДЕЛУДЕ
Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнара Әбдрахманова БҚО бойынша эпидемиологиялық жағдай мен қабылданған шаралар туралы баяндады.

БҚО-да бүгінге дейін коронавирустық инфекциямен 7300 науқас тіркелген. Соның ішінде симптомдық 3570 науқас, симптомсыз 3730 науқас. Сауыққандар саны 6900 адам (оның ішінде стационарлық ем алып сауыққандардың саны 3163 адам, амбулаториялық ем алып шыққан – 3737 адам). 121 адам көз жұмған. Қазіргі уақытта аурушаңдық көрсеткіші 1107,1-ді құрайды.
– Тасқала, Жәнібек, Ақсай және Сырым санитарлық бекеттері жанында ашылған 185 төсек-орын қоры бар төрт карантиндік ауруханада қазіргі таңда 28 науқас жатыр. Толымдылығы – 15,1 пайыз. 333 төсек-орындық алты инфекциялық ауруханаларда 113 адам емделуде. Толымдылығы – 33,9 пайыз. Олар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық көпсалалы аурухана және Бөрлі, Ақжайық, Жәнібек, Бәйтерек облыстық ауруханалары базасында жұмыс жасайды. Сонын ішінде өкпені жасанды желдету аппараттарымен жабдықталған 38 реанимациялық орын бар. Қазіргі таңда реанимацияда 10 адам емделуде. Толымдылығы – 26 пайыз, – деді Гүлнара Мақсотқызы.
Ем алушылардың көбі үлкендер екенін атап өту керек. Маманның мәліметінше, 80 пайызы 60-тан 80 жасқа дейінгі науқастар болып отыр. 20 пайызы – 80 жастан асқандар.
Пациенттердің барлығында ілеспелі аурулар бар. 6 науқаста жүрек-қан тамырлары ауруы болса, бір науқаста тыныс алу жүйелері ауруы, тағы бірінде созылмалы бүйрек ауруы бар. Қазіргі уақытта өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған адам жоқ.
Сонымен қатар, 2044 резервтік төсек-орын қоры дайындалған. Оның 1269-ы – инфекциялық стационарларда, 775 – карантиндік стационарларда.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу