8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қараша 2020 820 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДАҒЫ ЕМХАНАЛАР ЖАНЫНАН 123 МОБИЛЬДІК БРИГАДА ҚҰРЫЛДЫ

БҚО-дағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты мобильдік бригадалардың жұмысы туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Г.Әбдрахманова мәлім етті. 

 

Қазіргі уақытта Тасқала, Жәнібек, Ақсай және Сырым санитарлық бекеттері жанында ашылған жалпы 185 төсек-орын қоры бар төрт карантиндік стационарда  28 науқас жатыр. Қосымша резервті инфекциялық төсек орындарынан Бөкейорда ауданынан 16 инфекциялық төсек орны ашылды.

Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы, облыстық көпбейінді аурухана және Бөрлі, Ақжайық, Жәнібек, Бәйтерек және Бөкейорда аудандық ауруханалары базасындағы 349 төсек-орындық жеті инфекциялық ауруханада 117 адам емделуде. Толымдылығы – 33,5  пайыз.  37 реанимациялық төсек орын бар. Қазір 8 адам реанимациялық ем алуда.

Ем алушылардың көбі үлкендер екенін атап өту керек. Маманның мәліметінше, 80 пайызы 60-тан 80 жасқа дейінгі науқастар болып отыр. 20 пайызы – 80 жастан асқандар. Пациенттердің барлығында ілеспелі аурулар бар. 6 науқаста жүрек-қан тамырлары ауруы болса, бір науқаста тыныс алу жүйелері ауруы, тағы бірінде  созылмалы бүйрек ауруы бар.  Қазіргі уақытта өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған адам жоқ.

Сонымен қатар, 2028 резервтік төсек-орын қоры дайындалған, оның 1253-і инфекциялық стационарларда, 775 карантиндік стационарларда.  Барлық емханалардағы ситуациялық орталықтар  сағат 8.00-20.00 аралығында жұмыс жасауда. Қазіргі таңда  КВИ бойынша 1268 қоңырау келіп түсіп, 3200 COVID-19 бен ЖРВИ белгілері бар науқастар фильтрға жүгінген.  Ақ халаттылар эпидемиологиялық жағдайға байланысты емханаға тіркелген тұрғындарға  медициналық мекемелерге аса қажеттілік  пен көрсеткіштерсіз бармауға кеңес береді. COVID-19 бен ЖРВИ белгілері бар науқастарды медициналық көмекпен қамтамасыз ету үшін мобильдік бригадалар жұмыс жасайды.

– Облыс емханалары жанынан 123 мобильдік бригада құрылды, олар  үйге шақыртулар бойынша қызмет көрсету, анализ алу, оның ішінде ПТР алуды жүргізу сынды медициналық қызметтер кешенін жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау министрлігі алгоритміне сәйкес КВИ-дің симптомсыз және жеңіл формасы бар пациенттерді амбулаториялық жүргізеді, кейіннен медициналық ақпараттық жүйеге енгізе отырып, амбулаториялық бақылаудың тексеру формасын толтырады. Мобильдік бригаданың жұмыс кестесі таңғы сағат 8.00-ден кешкі 20.00-ге дейін. Бригадалар арнайы автокөлікпен, жеке қорғаныс құралдарымен, сынамаларды жинауға арналған жинақтармен, антисептиктермен, пульсоксиметрлермен, артериалдық қысым өлшеуге арналған аппараттармен қамтамасыз етілген. Орта есеппен бір емхананың мобильді бригадасы күніне 9-10 шақыртуға барады, ал жалпы облыс бойынша 100 шақты шақыртуға барып, медициналық қызмет көрсетеді. Облыс тұрғындарына айтар өтінішіміз, ЖРВИ симптомдары байқалса үйде болып, дәрігерді шақырту үшін тіркеу бөліміне хабарласу қажет, ситуациялық орталық мамандары кеңес беріп, қажет болған жағдайда дәрігер қабылдауын ұйымдастырады, – деді Гүлнара Мақсотқызы.

Сонымен қатар 109 CALL-орталығы жұмыс жасайды. Кейінгі аптада «109» call–орталыққа – 2325 қоңырау келген, соның ішінде COVID–19 бойынша  – 799 қоңырау түсті. Кейінгі тәулікте 515 қоңырау келіп түсіп, соның ішінде COVID–19 бойынша  – 132 қоңырау болған..

Айта кетейік, бүгінге дейін облыста коронавирустық инфекцияның 7382 жағдайы тіркелді,  соның ішінде симптомдық 3622 науқас, симптомсыз 3760 науқас. Жазылып шыққандар  саны 6937 адамды құрайды (оның ішінде стационарлық деңгейде сауыққандардың саны 3200 адам, амбулаториялық деңгейде ем алып шыққан  – ​​3737 адам).  Жалпы 128 адам көз жұмды. Аурушаңдық көрсеткіші 1119 да 5-ті құрайды. Аурудың өсу темпі 0,61-ді құрайды.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
49 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
52 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
466 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
605 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
641 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
917 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
929 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1053 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1354 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1447 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1474 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1684 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1956 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2177 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2223 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»