БҚО-ДАҒЫ ЕҢ ЖАС МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ «БОЛАШАҚТЫҢ» ТҮЛЕГІ
Өңіріміздегі ең жас мектеп директоры «Болашақ» бағдарламасының түлегі Жансұлтан Нұрмұханов. Ол қазіргі таңда Сырым ауданы, Қособа орта мектеп-балабақша кешенін басқарып отыр. Жансұлтан Нұрмұханов – бес тілді жетік меңгерген тарих пәнінің мұғалімі. Ұстаздық қызметке келуіне ата-анасының тікелей әсері болған. Жансұлтанның әкесі жоғары оқу орнында музыка пәнінен сабақ берсе, анасы география, химия, биология пәндерінің мұғалімі.

Кейіпкеріміз М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Польша еліндегі Быдгощ қаласының Халықаралық Туризм және Мәдениет институтымен жасалған екі жақты шарты арқасында екі жоғары оқу орнын тәмәмдаған. Жоғары оқу орнын бітірген соң, ел экономикасының басым секторлары үшін бәсекеге қабілетті кадрларды дайындайтын «Болашақ» бағдарламасымен Ұлыбритания мемлекетіндегі Манчестер университетінде мамандандырылған тілдік курстан өтіп, Уорик университетінде «Білім беру жүйесіндегі көшбасшылық және менеджмент» мамандығы бойынша магистратурада білім алған. «Қазіргі таңдағы ең үлкен жетістіктерімнің бірі – «Болашақ» бағдарламасы аясында ҚР Президентінің халықаралық шәкірақысының иегері атануым» дейді Жансұлтан Нұрмұханов.
«Ұлтқа қызмет ету – білімнен емес, мінезден» деп Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов айтқандай, кейіпкеріміз оқу бітіргеннен кейін алған теориялық білімді тәжірибе жүзінде іске асыруды ауыл мектептерінен бастағанды жөн көрген. Қазіргі таңда, Қособа ауылында мектеп-балабақша кешенінде директор қызметін атқарып жүр. Оқу жылы басталғалы бері, мұғалімдердің қажеттілігіне қарай IT құзыреттілік, ағылшын тілі, «Жас мұғалімдер мектебі», «Lesson study» сынды мектепішілік курстар мен жобалар ұйымдастырған. Сонымен қатар жоғары сынып оқушыларына тегін түрде IELTS курсын өткізуде. Білім алушылардың ҰБТ-ға дайындық механизмін де бір жүйеге келтірілген.
Жансұлтан Қайыржанұлы еліміздің жарқын болашағы үшін еңбек ететін жеткізді.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу