БҚО-ДАҒЫ БІЛІМ ҰЯЛАРЫ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНАТЫН ИНТЕРНЕТ-ПЛАТФОРМАҒА ТАҢДАУ ЖАСАДЫ
Батыс Қазақстан облысындағы білім беру ұйымдарының басым бөлігі қашықтан оқытуда Bilim Media Group ұсынған online-mektep интернет-платформасын пайдаланбақ. Әр мектеп бірыңғай пайдаланатын интернет-платформаны педагогикалық кеңесте талқылап, таңдау жасауда.

Қазіргі таңда облыс көлемінде мектептерде 14 мыңға жуық педагог жұмыс жасайды. Олардың 13 мыңнан астамы қашықтан оқыту форматындағы оқу процесін ұйымдастыру бағытындағы курстардан өткен. Қашықтан жұмыс жасайтын әр мектеп өз мұғалімдерінің таңдауы бойынша білім беру платформаларымен жұмыс жасайды.
БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Зәуре Ғұмарованың мәліметінше, батысқазақстандық білім ұяларының көпшілігі Bilim Media Group ұсынған online-mektep платформасын таңдаған. Сонымен қатар бір мектеп ЕduPage бағдарламасымен жұмыс жасамақ. Ортақ платформаға мектептің оқушылары, ата-аналары тіркеліп, сабақты ұйымдастыру барысында мұғаліммен кері байланыс жасай алады. Сонымен қатар облыс мектептері Kundelik.kz жобасына қосылған. Бұл жоба арқылы да кері байланыс жасаудың мүмкіндігі бар. Сондай-ақ басқа да ыңғайлы электрондық құрылығылар арқылы кері байланыс жасалады.
Еске сала кетейік, оқу жылы алдында жалпы республикалық педагогикалық кеңестің аясында өңірдегі мектептерде педагогикалық кеңестер өткізілуде. Педагогикалық кеңесте оқу жылының басталуындағы ерекшеліктер, өзгерістер және оқу процесін ұйымдастыруға қатысты өзге де сауалдар бойынша түсіндіріліп, сабақты ұйымдастыру бойынша ұсыныстар қаралуда.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу