БҚО-ДАҒЫ 31 МЕКТЕП БОЙЫНША 42 СЫНЫП КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы бүгін, 5 ақпан күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтты.

Өңірде 1 қаңтардан бері коронавирустық инфекцияның 2174 жағдайы тіркелді, оның ішінде 1354 жағдайда ауру белгілері бар болса, 820 жағдайда ауру белгілері жоқ.
Спикердің сөзінще, олардың ішінде 969 адамда ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген кезде анықталған. Жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 700 адамнан, профилактикалық мақсатта тексерілген 374 адамнан және стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 131 адамнан инфекция табылған. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекция жүұтырған науқастармен байланыста болған 2782 адам медициналық бақылауға алынды.
– Соңғы аптада, яғни 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығындағы аурушаңдық көрсеткіші өткен аптамен, нақтырақ айтқанда 22-28 қаңтар аралығындағы кезеңмен салыстырғанда төмендеп келеді. Кәсіби құрамы бойынша аурушаңдық жұмыс істейтіндер арасында көбірек. Ол жалпы тіркелген науқастардың 41,5 пайызын құрап отыр. Сондай-ақ зейнеткерлер, жұмыс істемейтіндер, мұғалімдер мен медицина қызметкерлері және оқушылар арасында да аурушаңдық бар. Өткен тәуліктер коронавирустық инфекциямен 88 жағдай тіркелді, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Оқу жылы басталғалы COVID-19 вирустық инфекциясы мектепте дәстүрлі форматта оқитын 164 оқушыда, қашықтықтан оқитын 177 оқушыда, барлығы 341 оқушыда анықталды. 3 тоқсан басталғалы оқушылар арасында COVID-19-дың 127-і жағдайы тіркелген. Олардың 49-ы – дәстүрлі форматта, 78-і- қашықтан оқитын оқушылар. Осы орайда қала және аудандардың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің қаулысымен 31 мектепте 42 сынып карантинге жабылған.
Айта кетейік, өткен жылғы наурыздан, яғни індет тарала бастаған уақыттан бері Батыс Қазақстан облысында COVID-19-дың 11397 жағдайы тіркелді. Індеттен 9267 адам сауығып, өкінішке орай 199 адам қайтыс болды.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу