БҚО-ДА ТОҒЫЗ ЖАСАР БАЛА ТОКҚА СОҒЫЛДЫ
Қате аяқ астында. БҚО Ақжайық ауданының Чапай ауылында 9 жасар бала қараусыз жатқан трансформаторға тоққа соғылып, ажал құша жаздады. Абырой болғанда, жасөспірім жоғары кернеулі 10 мың вольттық токқа соғылғанымен, тірі қалған. Енді айдың-күннің аманында жалғыз ұлынан айрыла жаздаған ана трансформатор иесін сотқа бермек.

Жазғы демалыс кезінде үйге сыймаған бала ойын қуып, мына ғимараттың ішіне кіреді. Бірақ ойыннан от шықты. 3 сынып оқушысын қуаты он мың вольттық тоқ ұрып, құлатқан. Ал қауіпті аймақ қараусыз жатырған көрінеді. «Тіпті «кіруге болмайды» деген бір белгі жоқ» дейді Сандуғаш. Көз жасы көл болған ана ұлының аман қалғанына шүкіршілік етеді. Абайсызда тоққа түскен 9 жасар – Мұрат Назардың басы, қол-аяғы күйіп қалған. Анасы Сандуғаштың айтуынша, тоқ ұрғанда жеткіншек талып қалған. Ұлымен бірге болған екі жасөспірім оны трансформатор орналасқан ғимараттан алып шыққан. Оқиға 29-шы тамыз күні болған. Денесін күйік шалған бүлдіршінге алдымен Ақжайық аудандық ауруханада алғашқы жәрдем көрсетілген. Кейін жедел жәрдем облыс орталығына әкеледі. Дәрігерлер баланың қазіргі жағдайы ауыр дейді. Ол облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ем алуда. Айта кетейік, Чапаев ауылдық округі әкімдігі қызметкерлері аталған нысанның жабық болғанын айтады. Денгенмен, құзырлы орган өкілдері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды
Президент Касым-Жомарт Токаев провел заседание Совета глав государств – учредителей Международного фонда спасения Арала

Кіру
Пікір үстеу