8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
12 Сәуір 2026 660 0
Таза Қазақстан

БҚО-да «Таза Қазақстан» акциясы аясында бір күнде 423 жерде 760 тонна қоқыс жиналды

11 сәуір күні Батыс Қазақстан облысында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өңірдің барлық қала және аудандарын қамтыған ауқымды іс-шаралар өтті.

Акцияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ірі компания өкілдері, жастар және еріктілер қозғалысының мүшелері, сондай-ақ өңір тұрғындары отбасыларымен бірге белсене қатысты. Акция шын мәнінде бұқаралық әрі біріктіруші сипатқа ие болды.

Қатысушылар көшелерді, аула аумақтарын, саябақтар мен скверлерді тазалап, жол бойындағы аумақтарды және үйлердің қоршауларын ретке келтірді. Сонымен қатар, абаттандыру және ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық акцияны «WordGreen Company» ЖШС, «Жайық ет» ЖШС, «Аксай Газ Сервис» АҚ, «KMG Parker Drilling Company» ЖШС сынды ірі компаниялар белсенді түрде қолдады.

Жалпы, 423 жерде 760 тоннадан астам қоқыс жиналды.

Акцияға 10 000-нан астам тұрғын қатысып, 120-дан астам техника жұмылдырылды.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
35 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
105 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
140 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
406 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
426 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»