8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Шілде 2020 1262 0
Өзек

БҚО-ДА ӨРТТЕН ҮШ АДАМ КӨЗ ЖҰМЫП, 11 АДАМ ҚҰТҚАРЫЛДЫ

Биыл Батыс Қазақстан облыс аумғында орын алған өрттердің салдарынан үш адам қаза тауып, жеті адам әр түрлі жарақат алса, 11 адам құтқарылды. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте  БҚО ТЖД бастығы, генерал-майор Жасұлан Жұмашев мәлімдеді.

Жыл басынан бері облыс аумағында 230 өрт тіркелді, бұл 2019 жылдың осы кезеңіне қарағанда 11,8 пайызға аз. Өрттен болған материалдық шығын 8 млн. 269 мың 815 теңгені құраған. Өрт салдарынан 3 адам қаза болған, 7 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды.

Облыс қалаларында 95 өрт болды, ауылдық елді мекендерде 135 өрт тіркелген. Сәйкесінше, өрттен келген шығынның негізгі үлесі ауылдық елдімекендерде орын алып тұр. Бұл – 7 млн. 796 мың 163 теңгені құрады.

Ағымдағы жылдың осы кезеңінде облыстың өртке қарсы қызмет бөлімшелері өрттерде 11 адамды құтқарып, 75 млн. 300 мың теңге құрайтын материалдық құндылықтарды сақтап қалды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»