БҚО-ДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БЮДЖЕТ ЕСЕБІНЕН ҮШ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ
БҚО-да биыл үш мектептің құрылысын бастауға және аяқтауға республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы трансферттер бөлінді. Бұл үш ауысымдық және апатты мектептердің азаюына ықпал етпек.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста 11 356 оқушыны қамтитын 7 үш ауысымды мектеп бар. Жалпы оқушы орнының тапшылығы – 2 281 орын.
Нақтырақ айтқанда, Орал қаласында №47 ЖОББМ, №10 ЖОББМ, №20 ЖОББМ, Эстетикалық бағыттағы гимназия, №18 ЖОББМ, Х.Доспанова атындағы №30 ЖОББМ, Теректі ауданында Подстепной қазақ ЖОББМ үшауысымда оқытуда. Сондай-ақ оқушылар контингентінің көбеюіне байланысты Орал қ. №46 ЖОББМ үшауысымдықтың алдында тұр.
Жалпы 3752 оқушы білім алатын сегіз мектеп апатты жағдайда. Олар – Орал қаласындағы №33 ЖОББМ, №31 ЖОББМ, №8 ОДБММ, Қазталов ауданы Қазталов ауылы А.Оразбаева атындағы ЖОББМ, Жұлдыз ауылы Хұсайынов атындағы ЖОББМ, Сарықұдық негізгі мектебі, Ақжайық ауданы М.Өтемісов атындағы ЖОББМ, Чапаев ауылы Абай атындағы гимназия.

– Биыл үш мектептің құрылысы үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Ақжайық ауданы Чапаев ауылында 100 орындық интернатымен 300 орынға есептелген мектептің құрылысы аяқталып, апатты мектептің орнына пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Орал қаласында 900 орындық №51 мектеп ғимарат қолданысқа беріліп, үш ауысымда оқытуды қысқартуға мүмкіндік жасалмақ. Сонымен бірге республикалық бюджеттен бөлінген қаржы Қазталов ауданы Қазталов ауылында апатты мектептің орнына салынып жатқан нысан құрылысына жұмсалады. Бұл мектеп 2021 жылы аяқталады деп күтілуде, – деді БҚО білім басқармасының баспаөз қызметркері Үміт Жәңгірова.

Бұдан бөлек облыста «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы арқылы білім ұялары құрылысы, , жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу