8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Ақпан 2022 1824 0
Қоғам

БҚО-ДА ПОЛИЦЕЙ ЖҮКТІ ӘЙЕЛДІ ҚҰТҚАРДЫ

Батыс көлік полициясының қызметкері босанғалы жатқан жүкті әйелді ауруханаға жеткізіп, құтқарып қалды.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 6 ақпан күні Қазақстан станциясынан (Ақсай қаласы) 3-4 шақырым жерде болды.

Аиза Жолдаспаева күйеуі Нұрболмен бірге Орал-Алматы жолаушылар пойызымен Ақтөбеге бара жатқан. Алайда Қазақстан станциясынан шыққаннан кейін 8 айлық жүктілігі бар 38 жастағы әйелден қан кетіп, жағдайы күрт нашарлаған. Пойыз сол бойда тоқтап, машинист-диспетчер шұғыл көмек керектігін хабарлаған.

Оқиға орнына Қазақстан станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Мұқатай Аяпов бірінші болып жеткен. Пойыз далада тұрғандықтан, оған жедел жәрдем көлігі жете алмайтын еді.

Полиция подполковнигі Мұқатай Аяпов күртік қарға қарамастан, әйелді көтеріп алып шығып, автокөлігімен Бөрлі аудандық орталық ауруханасына жеткізген. Ауруханада әйелге кесар тілігімен ота жасалып, дүниеге қыз бала келді.

Нұрбол Жолдаспаев қазіргі кезде әйелі мен қызының жағдайы жақсы екендігін айтып, көлік полициясы қызметкеріне алғысын білдірді.

http://batys.ortcom.kz/

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
18 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
72 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
267 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»