8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Сәуір 2020 1050 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО-ДА ҚОСЫМША ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

Коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында және БҚО бас санитарының қаулысындағы талаптарды орындау үшін жедел штаб 21-25 сәуір аралығында қала көшелерінде тұрғындар мен көлік қозғалысына қосымша шектеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифинге  қала әкімінің  орынбасары Бекжан Тоқжанов мәлім етті.

Облыс әкімінің тапсырмасымен және мәліметтер базасын жедел өңдеу үшін цифрландыру басқармасы  stopcovid.kz сайтын іске қосты. Қазіргі уақытта stopcovid.kz сайтына жұмысын одан әрі жалғастыру бойынша меншік түріне қарамастан облыс пен қаладағы 12 мың ұйымнан өтінім түскен. Оның ішінде 7 100 ұйымның өтінімі қабылданды, 3900 ұйымның өтінішінен кері қайтарылды және 970 өтініш қарастырылып жатыр.

– Жедел штаб осы тізімнің ішіндегі қаланың тыныс-тіршілігі үшін аса маңызды 2 мың ұйым жұмысы тоқтатылмайтыны туралы шешім қабылдады. Тек осы компанияларға 21-25 сәуір аралығында жұмыс істеуге рұқсат. Ал  қалған бұрын рұқсат алған кәсіпорындарға қызметін тоқтату туралы СМС хабарлама жіберілуде, – деді Бекжан Нұрланұлы.

Айта кетейік, медицина қызметкерлерін апарып-әкелу бойынша 17 маршрут жасақталды, бұл бойынша 65 автобус жұмылдырылып отыр. Олар желіге күніне екі рет, яғни таңертең және кешке шығады. Саяжайға баруға сенбі және жексенбі күндері рұқсат етілді. Бас саниарлық дәрігердің қаулысына сәйкес, 65 жастан асқан азаматтарға көшеге шығуға тыйым салынды.

 

zhaikuni.kz

 

ЖАДЫНАМА

STOPCOVID.KZ. сайты арқылы тіркеліп, жедел штаб бекіткен жағдайда қызметі тыныс-тіршілігіне байланысты кәсіпорын қызметкерлеріне қала бойынша жүріп-тұруға рұқсат етілген.

МАРШРУТ – ҮЙ-ЖҰМЫС: ӨЗІНІҢ ЖЕКЕ КУӘЛІГІ БОЛУЫ ТИІС.

 

ҚАЛАНЫҢ БЛОК-БЕКЕТТЕРІ АРҚЫЛЫ КІРІП-ШЫҒУ ЖӘНЕ ҚАЛА БОЙЫНША ЖҮК ТАСЫМАЛДАУ: ӨЗІМЕН БІРГЕ ҚАНДАЙ ҚҰЖАТ БОЛУЫ КЕРЕК? Тауар-транспорттық құжат немесе іссапар қағазы немесе мекен-жайы көрсетілген маршрутты қағазы боуы керек.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
70 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
116 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
420 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
429 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
560 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
860 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
954 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1193 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1459 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1687 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1725 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1874 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2071 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2293 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»