8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қазан 2019 2397 0
Өзек

БҚО-ДА ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ АЗАЮДА

2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағамен 1 784,6 млрд. теңгені құрады. БҚО Статистика департаментінің мәліметінше, бұл өткен жылғыдан 6,2 пайызға төмен.    

Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 1594,3 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда нақты көлем индексі 92,5% құрады. Газ конденсатының өндірісі 8,1%-ға төмендеп отыр.

Өңдеу өнеркәсібінде 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 147,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, бұл 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейінен 11%-ға жоғары. Тамақ өнеркәсібінің үлесіне өңдеу өнеркәсібі көлемінің 33,9% тиесілі.  2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте 47201,4 млн. теңгенің  тамақ өнімдері, 2815,6 млн. теңгеге сусындар өндірілді. Ет, шұжық өнімдері, сүт, ірімшік пен сүзбе және макарон өндірістері өскен. Жеңіл өнеркәсіпте 892,6 млн. теңгенің өнімі өндірілген. Төсек жаймалары мен жұмыс киімдерінің өндірісі ұлғайып келеді.

Өзге металл емес минералдық өнімдер 9593,4 млн. теңгеге өндірілген. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 81,8% құрады. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда тауарлық бетон өндірісі 48,6%-ға төмендеді. Металлургия өнеркәсібінде 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте өндіріс көлемі 20 840,9 млн. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 142,3% құрады. Бұл болаттан жасалған қырланған табақтарды өндіру және болаттан жасалған түрлі диаметрдегі құбырлар өндірісінің өсуімен байланысты екенін атап өткен жөн. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау жөніндегі кәсіпорындарда өндіріс көлемі 36,7 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 97,1%.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау жөніндегі кәсіпорындарда өндіріс көлемі 5,9 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек деңгейіне 102,1% құрады.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»