БҚО-ДА «МУЗЕЙСТАР-2019» ЖОБАСЫ БАСТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында және Жастар жылына арналған «Музейстар-2019» жобасы бастау алды.

Бұл жобаның мақсаты – өңірімізде жастарға білім беретін оқу орындарын көпшілік назарына ұсыну арқылы Ақ Жайықтың таңдаулы жоғары және орта оқу орындарын халыққа таныстыру, жастардың бойына өлкенің рухани және мәдени мұрасына қызығушылықтарын арттыру, жастардың білімге, өнерге, тарихқа қызығушылықтарын ояту, жастардың рухани дамып, өсуіне музейдің өзіндік үлесін қосу.Жобаға қатысушылардың «Білімді жастар – ел болашағы» көрмесі музейдің көрме залында жабдықталады және белгіленген кестеге сай өткізіледі.
Ауқымды шараны 14 наурыз күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті бастады. Көрмеге униврситет тарихы туралы ақпарат, жетістіктері, студенттерінің қолөнер туындылары және дипломдық жұмыстары қойылды. БҚМУ-лықтардың көрмесі 12 сәуірге дейін жалғаспақ.
Одан кейін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті (16 сәуір – 17 мамыр), Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті (21 мамыр – 21 маусым), Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті (25 маусым – 19 шілде), Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі (13 қыркүйек – 11 қазан), Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі (15 қазан – 15 қараша), Құрманғазы атындағы саз колледжі (18 қараша – 13 желтоқсан) сынды оқу орындарының көрмелерімен жалғасады.
Әр оқу орнының көрмесін көрермендер бір айға жуық тамашалайды және көрме аясында «Жастар шығармашылығына» арналған «Мені қоршаған орта» атты жас суретшілердің картиналары мен қолөнершілердің гобелендер көрмесі, «Менің қалам» және «Кеше», «Бүгін», «Ертең» деп аталатын үш ұлы бөліктен тұратын аннимациялық роликтер көрмесі, Жастар дауысы (күй, ән, би, мәнерлеп оқу), «Жастар – сән әлемінде» шаралары ұйымдастырылады.
Жоба 13 желтоқсанда «Жастар және музей» атты ғылыми-тәжірибелік конференциямен қорытындыланады.
Соңғы жаңалықтар
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу