8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Маусым 2020 842 0
Қоғам

БҚО-ДА МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЛАСЫНДА ТОҒЫЗ ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ТІРКЕЛДІ

22 маусым күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиевтің төрағалығымен өңірдегі мердігерлермен атқарылатын жұмыстардың сапасына қатысты кездесу өтті. Кездесу барысында  БҚО әкімі Ғ.Н.Есқалиев және БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Р.С.Ақмырзаев сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау үшін өздерінің жеке WhatsApp нөмірлерін мердігер компанияларға қалдырды.

Шараға БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Р.С.Ақмырзаев, облыс әкімінің орынбасары Т.Ә.Шәкімов, Орал қаласының әкімі А.А.Шыныбеков, облыстағы мердігер компаниялар және БАҚ өкілдері қатысты.

Кездесу барысында облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиев «Өңірдегі мердігер компаниялармен атқарылатын жұмыстардың сапасын арттыру, «Құрылыс саласының интерактивті картасы» жобасы, облыстағы лабораториялардың жұмыстарының тиімділігін қайта қарау, құрылыс нысандарының сапасын қадағалайтын арнайы жұмыс тобын» құруды тапсырды.

БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Р.С.Ақмырзаев Мемлекеттік сатып алу саласы бүгінгі күні жемқорлыққа ең бейім салалардың бірі екенін атап өтті. Биылғы жылы осы салада 9 қылмыстық іс тіркелген.  Ал, 2019-2020 жылдары аралығында 3 адам сотталған.

– Соңғы бес жылдың өзінде республикалық бюджетке сәйкес автомобиль жолдарын салуға, қайта құруға және күтіп ұстауға шамамен 1,8 трлн. теңге бөлінген. Алайда, сапасыз жолдар салынып, қоғамның наразылығы тудыруда. Бюджет қаражаты жымқырылып, сыбайлас жемқорлық фактілері орын алуда. Бұл жағдайлардың алдын алу мақсатында Агенттік бастамасымен «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылып келеді. Жобаның негізгі тұжырымдамасы жол сапасы мен құрылысы материалдарын сараптау кезінде азаматтық қоғамды тарта отырып, оның ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету, – деп атап өтті Рустам Сапарбекұлы.

Сонымен қатар, облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиев және БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Р.С.Ақмырзаев мердігер компаниялар мен мемлекеттік сатып алудың басқа да қатысушыларын әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өздерінің жеке WhatsApp нөмірлеріне лезде хабарлама жіберуге шақырды.

Шара соңында облыс әкімі Ғ.Н.Есқалиев өңірдегі мердігер компаниялардан жұмыстарын сапалы орындауларын талап етіп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеуге шақырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
121 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
455 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
548 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
790 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1059 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1285 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1324 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1474 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1672 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1900 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1987 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2098 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2103 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2139 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2137 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2244 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»