«БҚО-ДА КОРОНАВИРУСТАН САУЫҚҚАНДАР КӨБЕЙДІ»
БҚО-да коронавирустық инфекцияны жұқтырған 252 адам тіркелді. Олардың 96-сы емделіп, үйлеріне шығарылған. Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың күннен күнге жазылып шыққандардың көбейіп келе жатқанын айтты.

Коронавирус инфекция анықталған 252 науқастың 203-і«сырттан» келген азаматтар. Басым бөлігі, яғни 158-і Ресей Федерациясына вахталық әдіспен жұмыс жасауға немесе денсаулық жағайына байланысты ем алуға және басқа да жағдайлармен барып оралғандар. Шекаралық блок-бекеттен өту кезінде сауалнама алынып, бектілген алгоритм бойынша тексерулер жүргізілгенде олардың инфекция жұқтырғаны анықталған. Сондай-ақ жүк тасымалымен айналысатын Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан Республикаларының жеті азаматы және Германиядан келген Қазақсан Республикасының бір азаматынан инфекция анықталып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.
Ал 20 сәуірден бастап Атыраудағы Теңіз кентінде карантин жағдайы енгізілгеннен бастап, онда вахталық әдіспен жұмыс жасайтындар шығарыла бастады. Бүгінге дейін ол жерден 2000-ға жуық батысқазақстандық келген. Олардың 43-інен коронавирус инфекциясы анықталған.
– Атыраудың біздің облыспен шектесетін Ақжайық ауданындағы санитарлық блок-бекетте жолаушы азаматтар сауалнама толтырады және міндетті түрде карантиндік стационарға жатқызылады. Сол жерде коронавирус иинфекциясына сынама алынып, тексеріледі. Ауру жағдайы анықталғандардың барлығы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды. Бүгінде «Теңізден» келген 1000-ға жуық азамат үй оқшаулауында, күнделікті дәрігерлердің бақылауында, – деді Нұрлыбек Мұстаев.
Нұрлыбек Ермекұлының мәліметінше, ауруханада ем алушылардан тәулігіне екі мәрте талдау алынады. Соңғы екі талдау болымсыз нәтиже көрсеткенде, олар үйге шығарылып, үй оқшаулауында болады. Бүгінге дейін 96 азамат коронавирустан емделіп шықты, олар қазір үй оқшаулауында.
Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді. 26 сәуір күнгі жағдай бойынша облысымызда COVID-19 коронавирустық инфекциясын жұқтырған 252 адам анықталды. 96 науқас сауығып, үйіне шығарылды. Қалған 156 науқас облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу