8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Желтоқсан 2020 1912 0
Дені сау ұлт

БҚО-ДА КОРОНАВИРУСПЕН СЫРҚАТТАНҒАН 18 НАУҚАС РЕАНИМАЦИЯЛЫҚ ЕМ АЛУДА

Қазіргі уақытта  БҚО-дағы жеті инфекциялық стационарда 158 науқас емделуде. Бұл туарлы бүгін бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған Батыс Қазақстан облысы бойынша коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы брифингте  облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков айтты.  

185 төсек-орынға арналған 4 карантиндік стационарда 38 науқас жатыр. Стационарлар толымдылығы 21 пайызды құрайды. 359 төсек-орындық 7 инфекциялық стационарда 158 адам емделуде. Ауруханалар толымдылығы 44 пайызды құрайды. Олардың ішінде 41 реанимациялық төсек-орында 18 науқас емделуде. Толымдылығы 44 пайызды құрайды.

– Жас құрылымына сәйкес, қарқынды реанимация төсектеріндегі науқастар келесідей топтастырылған. 40-тан 60 жасқа дейін – 4 науқас, бұл 22,2 пайыз, 60-тан 80 жасқа дейін – 10 науқас, бұл 55,6 пайыз, қалған 80 жастан асқан адамдар – 22,2 пайыз. 14 науқаста ілеспелі созылмалы ауру бар. Оның 13-і жүрек-қан тамырлары аурулары, 1 науқас қант диабетімен ауырады. Бүгінгі күні Инвазивті емес өкпені жасанды желдету аппаратына 6 науқас қосылған, – деді Арман Қалибеков.

Қосымша 2028 төсек-орындық резервтік қор дайындалды. Оның ішінде 1253 төсек-орын инфекциялық стационарларда, 775 төсек орын карантиндік стационарларда.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 25 желтоқсанындағы жағдай бойынша жалпы 8 963 аурушаңдық жағдайы тіркелді, оның 4521 симптомдық, 4442 симптомсыз. Бүгінгі күні инфекция жұқтырғандардың 88%-ы, 7 890 адам жазылды. Оның ішінде 3 667 адам стационарлық деңгейде, 4 223 адам амбулаториялық деңгейде. Барлығы 160 адам көз жұмды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»