8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Маусым 2020 1093 0
Өзек

БҚО-ДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 183 НАУҚАСТАН ПНЕВМОНИЯ АНЫҚТАЛДЫ

БҚО бойынша коронавирус жұқпасының 1157 жағдайы тіркелді. Бүгінге дейін 800 адам жазылды. Өкінішке  орай, 6 адам осы індеттен қайтыс болды. БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысы Болатбек Қаюповтың мәліметінше, бүгінгі күнге аурушаңдық деңгейі – 2,8  пайыз.

Қазіргі уақытта  жұқпалы аурулар стационарында 317 науқас ем алуда. Олардың сегізі –  балалар, 12-сі – жүкті әйелдер.  Пациентердің  26-сында  ауру жеңіл деңгейде болса, 261 науқастың ауруы ауырлығы орташа деңгейде, 30  науқастың жағдайы ауыр. Ем алып жатқандардың 183-інен пневмония анықталған. 16  науқас жасанды желдету аппаратына қосылған. Емдеу диагностика және  емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілуде.

Инфекциялық стационарлар қазіргі уақытта 65,1 пайызға толық, провизорлық стационарлар 40,9 пайызға толды. Қосымша көпбейінді қалалық аурухана базасынан 220 инфекциялық кереует дайындалған. Мұнда да бүгіннің өзінде  130  пациент орналастырылды. Облыстың бас дәрігерінің сөзінше, бүгінде  жедел медициналық жәрдемге жүгінушілер 7 есеге артқан. Мәселен, демалыс күні жедел жәрдемге 968 шақырту түскен.

– Әр минут сайын аурулар саны көбеюде. Демалыс күндері 62  науқас коронавирус жұқпасымен ауруханаға жатқызылды. Санитарлық талаптарды қаперге  алмаудың салдарынан бір  отбасы мүшелерінің түгелдей коронавирус жұқтыруына әкелуде. Жаңа жағдайлардың көбеюі көбіне отбасылық ошақтарда тіркелуіне  байланысты болып отыр. Күн сайын бір отбасының 2-5-7 адамынан инфекция анықталуда. Отбасылық іс-шаралар өткізу кезінде де індеттің жұғу жағдайлары байқалды. Кейбір адамдардың санитарлық талаптарға мән бермеуі отбасы мүшелерінің толықтай індетті жұқтыруына  әкеліп отыр. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, коронавирус созылмалы аурулары болмаған адамдарға да аса қауіпті.  Ауырған кезде өзін-өзі емдеумен айналысуға болмайды. Аса қажеттілік болмаса, халық көп жиналатын орындарға бармаған дұрыс. Міндетті түрді маска тағып, арақашықтықты сақтап, антисептик қолдану керек. Коронавирустың жұғу тәуекелі төмендеген жоқ, – деді Болатбек Амангелдіұлы.

Бұдан бөлек облыстың бас дәрігері инфекциядан қорғану бойынша кеңес беріп, гигиеналық талаптарды сақтау, соның ішінде қолды сабынды сумен жуып, құрамында спирті бар антисептикпен өңдеп жүруді ұсынды. Көзді, мұрынды, ауызды қолмен ұстамау керек. Жөтелген немесе түшкірген адамдардан қашық болған жөн. Түшкірген жағдайда  шынтақпен немесе орамалмен ауызды жапқан дұрыс. Сондай-ақ өзгелермен құшақтасу, сүйісу, қол алысу сынды физикалық байланыс жасамаған жөн. Бөлмені күніне бірнеше рет желдету, құрамында хлоры бар сұйықтықты қолданып, дымқыл тазалық жүргізу де инфекциядан қорғанудың әдістері.

Әр адам өз денсаулығы үшін жауапты. Сондықтан әркімге  өзінің дене қызуын өлшеп тұру артық етпейді.  Ал қандай да  симптомдар байқалса, үйде қалып, медициналық көмек шақырту керек.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
390 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
528 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
565 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
839 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
853 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
976 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1277 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1369 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1395 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1606 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1878 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
2100 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
2144 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2285 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»