БҚО-ДА КИІК АУЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ
Киіктерді заңсыз аулаумен айналысты деген күдікпен Жәнібек ауданының тұрғындары ұсталды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

23 маусым күні сағат 10.30 шамасында Жәнібек ауданы Ақоба ауылына қарасты «Мәңгүр» және «Достық» қыстақтары арасынан, Адайбай су қоймасына жақын маңнан киіктің 4 төшкесі табылды. Батысқазақстандық полиция қызметкерлерінің «Охотзоопром» өңірлік мекемесінің инспекторларымен бірге жүргізген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде осы қылмысты жасады деген күдікпен екі азаматты анықтап, 1991 және 1979 жылғы аудан тұрғындарын ұстады. Оқиға орнынан 12 калибрлі «ИЖ-54» қосауыз аңшылық мылтығы мен 5 оқ және екі велосипед табылған.
Сонымен қатар 25 маусым күні сағат 11.00 шамасында полицейлер «Охотзоопром» өңірлік мекемесінің инспекторларымен бірге Жәнібектің Күйгенкөл ауылы қарасты «Астау салған» қыстағы маңын барлау кезінде 1973 жылғы азаматты ұстады. Оның мотоциклінен киіктің 2 төшкесі және 4 мүйізі, пышақ, 12 калибрлі қосауыз мылтық пен 5 оқ табылған.
Екі факті бойынша да қазіргі уақытта Жәнібек аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 337 бабы 4-тармағымен (заңсыз аңшылық) және 339-бабымен (сирек кездесетін және жойылу қаупі бар немесе қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды, олардың бөліктері мен дериваттарын пайдалану) сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу