8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
27 Мамыр 2019 2050 0
Қоғам

БҚО-ДА КЕЙБІР БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ АТАУЛАРЫН ӨЗГЕРТУ ҰСЫНЫЛДЫ

Бүгін БҚО мәслихатының кезекті 25-ші сессиясында Батыс Қазақстан облысындағы кейбір білім беру білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау мәселесі күн тәртібіне шығарылып, депутаттар тізім бойынша көрсетілген мектептерге атау беру және қайта атау туралы ұсынысты қолдады.

– ҚР Президенті әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес тарихи атауларды жаңғырту және  идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды реттеу мақсатында аудандар мен қаладағы білім беру ұйымдарын қайта атау туралы ұсыныс түскен болатын. Осы ұсыныстар негізінде обылыстық тілдерді дамыту басқармасы ҚР әкімшілік-аумақтық заңына сәйкес БҚО-ның кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және қайта атау туралы бірлескен қаулы шешім жобасын әзірледі, – деген облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Әділгерейқызы қайта атауға ұсынылған мектептердің тізімін халық қалаулыларына беріп, аталған жобаны республикалық ономастикалық комиссия қарауына енгізуге қолдау көрсетуді сұрады.

Тізім бойынша Ақжайық, Бөрлі, Қазталов аудандарындағы бірнеше мектепті қайта атау және Орал қаласындағы №44 орта мектепке мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевтың есімін беру ұсынылған.

Ал Ақжайық ауданындағы Краснояр орта жалпы білім беретін мектебіне – ағартушы-педагог Ы.Алтынсаринның есімін, Харькин орта жалпы білім беру мектебіне – Х.Доспанованың есімін беру, Болдырев негізгі мектебін – Үштөбе негізгі мектебі, Горячкин негізгі мектебін – Мойылды, Каленный бастауыш мектебін – Ақбұлақ бастауыш мектебі деп атау ұсынылды.

Қазталов ауданы бойынша Богатырев орта жалпы білім беру мектебіне – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы Ахмет Байтұрсынұлының есімін беру, Мирон негізгі мектебін – Жаңатаң негізгі мектебі, Никонор бастауыш мектебін – Қособа бастауыш мектебі, Бөрлі ауданындағы Григорьев орта мектебін – Кеңтүбек орта мектебі, Киров мектеп-балабақша кешінін – Қарағанды мектеп-балабақша кешені, Тихонов мектеп-балабақшасын – Қара құдық мектеп-балабақшасы деп атау ұсынылуда.

 

Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Елді мекен тұрғындары баспанамен қамтылуда
17 Мамыр 2024
213 0
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
406 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
405 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
857 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
926 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
944 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
964 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
987 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1356 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1480 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1511 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1786 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1798 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1926 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
2219 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2318 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»