БҚО-ДА КАРАНТИН АЛЫНДЫ, БІРАҚ БІРҚАТАР ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛУДЕ
Бүгін БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуына жол бермеу бойынша шектеу шараларын енгізу туралы жаңа қаулысы жарияланды.

Өңірде 15 маусымнан бастап карантиндік режим алынады, бірақ тұрғындар бірқатар шектеулерді сақтауы тиіс. Жаңа қаулыда көрсетілгендей, облыс халқына өңірдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, отбасылық, естелік, әдет-ғұрып және өзге де адамдар көп жиналатын іс-шаралар өткізуге тыйым салынады. Сондай-ақ барлық мектепке дейінгі балалар ұйымдарының (тек кезекші топтардың жұмысына рұқсат беру), қалалық демалыс паркінің, ойын-сауық нысандарының, кинотеатрлардың, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулалардағыны қоспағанда), түнгі клубтардың, компьютерлік және ойын клубтарының, кальяндық, букмекер кеңселерінің, балалардың сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерінің, кейтерингтік қызметтер көрсету және мерекелерді ұйымдастыру қызметтерін, діни нысандар қызметі уақытша тоқтатылады .
Меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындар санитарлық-эпидемиологиялық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Сондай-ақ 15 маусымынан бастап жұмыс уақыты мен режимі бойынша шектеулер белгіленді. Атап айтқанда, жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды селекторлық режимде және бейнеконференцбайланыспен өткізу арқылы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің 80%-ын «қашықтықтан» жұмыс жасау формасына ауыстыру, ХҚКО онлайн режимінде қызмет көрсетуге өту, онлайн режимде көрсетілуі мүмкін емес қызметтерді алдын-ала жазу бойынша жүзеге асыру (сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін), медициналық орталықтарға (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жасауға рұқсат, стоматологиялық клиникалар (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасайды, азық-түлік базарлары мен азық-түлік емес базарлар сауда сөрелері арасындағы қашықтықты сақтай отырып, азық-түлік өнімдерін сату тек өлшеп-оралған түрде, көкөніс пен жемістерді қоспағанда, сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс жасайды, азық-түлік дүкендері (азық-түлік өнімдерін сату, көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек өлшеп-оралған түрде жүргізілуі тиіс) сағат 09.00-ден 22.00-ге дейін жалғастыра алады.
Ал мейрамханалар/барлар/дәмханалар/асханалар және басқаларына (бір уақытта 30 адамнан аспайтын келушілер санымен), қоғамдық тамақтану нысандарында кальяндарды пайдалануға тыйым салынады, үстелдердің арасындағы қашықтықты 2 метрден кем емес сақтауды қамтамасыз етілуі керек. Оған қоса бір үстелге отырғызу 4 адамнан аспауы тиіс жәнк жұмыс уақыты сағат 10.00-де басталып, 22.00-ге дейін аяқталуы керек.
Ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер (барлық бағыттар), сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс жасай алады.
Ауданы 2000 шаршы метрден асатын сауда нысандары (сауда орталықтары, сауда үйлері) сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды. Бірақ сауда нысандарының аумағында орналасқан кинотеатрлар, балалар және басқа да ойын-сауық орталықтарының, қоғамдық тамақтандыру нысандарының (асханалар, фуд-кордтар және басқалар) қызметі әлі жандандырылмайды.
Банктік қызметтер сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін ғана көрсетіледі.
Медициналық-әлеуметтік мекемелер сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Түзету кабинеттерінің де жұмыс уақыты- (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін.
Шаштараздар, сұлулық салондары барлық қызмет түрлері бойынша (алдын-ала жазылу бойынша) сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін ғана қызмет көрсетеді.
Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының кезекші топтарындағы (біріккен бөбекжай және 1-ші кіші, 2-ші кіші, орта, біріктірілген үлкен және мектепке дейінгі топтар, бірақ әр жас тобында 15 баладан артық емес), жатын бөлмелерде 1 метрден кем емес қашықтық сақталуы керек. Балабақшаның медициналық қызметкері барлық қызметкерлер мен балаларды күнделікті таңертеңгілік фильтрден өткізуі тиіс. Учаскелік педиатрдан денсаулық жағдайы туралы анықтамалары (3 жұмыс күнінен артық болмаған жағдайда) бар балалар ғана қабылданады. Жіті респираторлық жұқпалар (жоғары температура, жөтел, тұмау) және басқа да жұқпалы аурулар белгілері бар балалар мен қызметкерлерді жұмысқа жіберілмеуі керек.
Білім беру орталықтары, үйірмелер, балалар даму орталықтары (10 адамнан көп емес), сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Спорттық нысандар (тек ашық ауада, 30 адамға дейін спортшылар үшін, көрерменсіз) 30 адамға дейін спортшылар үшін теннис корты, көрерменсіз ғана шаралар өткізеді.
Мәдениет нысандары (қызметкерлер үшін 30 адамға дейін, көрерменсіз) жұмыс жасайды.
Сауналар, жеке моншалар, қоғамдық моншалар 20 жуынатын орынға дейін, сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін жұмыс жасайды.
Фитнес-орталықтар (10 адамнан артық емес), СПА салондар, сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс жасайды.
20 маусымнан бастап балаларға арналған нысандарды қоспағанда, сауықтыру және санаториялық нысандардың (толтырылуы нысанның жобалық қуатының 50%-нан аспайтындай) жұмысына рұқсат етілді. Демалушыларды қабылдау денсаулық жағдайы туралы анықтамалармен және COVID-2019 зертханалық зерттеулердің нәтижелерімен (ПТР тәсілімен) жүзеге асырылуы қажет.
Қоғамдық көлік барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сағат 06.00-ден 21.00-ге дейін шектеулі режим шеңберінде әрекет ететін болады. Қоғамдық көліктің толтырылуы қатаң түрде отырғызу орындары бойынша болуы тиіс. Қоғамдық көлік антисептик құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс, қоғамдық көлікке тек жеке қорғану құралдарымен (медициналық бетперде, қолғаппен) рұқсат етіледі.
Такси жеңіл көлігінде 3 адамнан артық болмауы тиіс. Жеңіл көлік жеке қорғану құралдарымен (медициналық бетперделермен, қолғаптармен) және антисептиктермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу