8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
31 Қаңтар 2019 1829 0
Өзек

БҚО-ДА КӨКТЕМГІ СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Көктемгі су тасқынын апатсыз өткізу маңызды. Бүгінгі таңда БҚО ТЖД қызметкерлері барлық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып су тасқынының алдын алудың кешенді іс-шараларын ұйымдастыруда.

Бүгін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы №14 және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 2018 жылғы 22 қаңтардағы №69-Ө бірлескен бұйрығына сәйкес су тасқынын болжауды жақсарту және болжамдық деректерді дайындау мақсатында «Қазгидромет» РҚК филиалы өкілдері ТЖ департаменті қызметкерлерімен бірлесіп Тасқала  және Бәйтерек аудандарында Деркөл өзеніндегі қар жамылғысының биіктігі мен қардағы судың қорын анықтау жұмысы жүргізілді

Бәйтерек ауданы Переметное ауылында қардың қалыңдығы 45 см (норма 20 см), қардағы судың қоры 99 мм (қалыпты шама 68 мм), орташа тығыздық 0,23 г/см3. Тасқала ауданы Бастау ауылында қардың қалыңдығы 50 см (қалыпты шама 20 см), қардағы судың қоры 115 мм (қалыпты шама 68 мм), орташа тығыздық 0,23 г/см3.

Жұмыс тобының шығуы Департаменттің Жедел-құтқару жасағының жоғары өткізгіш техникасымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, жұмыс тобының құрамына жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Облыс аумағында су тасқынының қаупі бар аудандық кешендердің учаскелерін тексеру жұмыстары жалғасуда.

БҚО ТЖД ТЖ алдын алу бөлімі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
41 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
250 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
588 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
305 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»