8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
13 Қараша 2020 832 0
Өзек

БҚО-ДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ КҮРДЕЛЕНЕ ТҮСТІ

Ай басталғалы, яғни 1-12 қараша аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 358 жағдай тіркелген. Оның ішінде өткен тәулікте 30 жаңдай тіркеліп отыр. Өңірдегі коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсізідгін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев мәлім етті.

 

Облыс бойынша COVID-19 7382 жағдайы тіркелген, оның ішінде симптомдармен – 3622, симптомсыз – 3760 жағдай, сырқаттанушылықтың жалпы көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 1119,5 құрады. Індеттен 6922 адам сауығып, өкінішке орай 128 адам қайтыс болды.

Апта сайын коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың орта есеппен 59% – ға өсуі байқалады. 1-12 қараша аралығында коронавирустық инфекциямен барлығы 358 жағдай тіркелсе, оның ішінде 140 жағдайда ауру белгілері бар болса, 218 жағдайда –ауру белгілері жоқ.

Орал қаласы бойынша барлығы 252 жағдай анықталды, бұл барлық аурулардың 70,3% құрады. Бәйтерек ауданында – 41 жағдай., Бөрлі ауданында – 25 жағ., Теректі және Шыңғырлау аудандарында – 10 жағ., Жаңақала ауданында – 5 жағ, Жәнібек ауданында – 4 жағ., Қаратөбе, Сырым, Казталов аудандарында – 3 жағ., Бөкей ордасы және Ақжайық аудандарында бір-бір жағдайлардан тіркелген.

– Аталған жағдайлар жақын қарым-қатынаста болған адамдарды тексеру кезінде 150 адамда (41,8%), стационарларға емдеуге жатқызу алдында эпидемиологиялық қадағалау мақсатында сынама алынған 88 адамда (24,5%), ЖРВИ белгілері бойынша 87 (24,3%) және профилактикалық мақсатта тексерілген 33 адамда  (9,2%) анықталды. Өткен тәулік ішінде коронавирустық инфекциямен  30 жағ. тіркелді, оның ішінде 22 жағдайда ауру белгілері бар болса, 8 жағдайда ауру симптомсыз. ЖРВИ белгілерімен тексерілгендер арасында 18 жағ., қарым-қатынаста болғандар арасында – 10 жағ., эпидемиологиялық қадағалау мақсатында тексерілгендер арасында 2 жағдай тіркелді,  – деп баян етті Нұрлыбек Мұстаев.

1 қарашадан бері мемлекеттік шекарадан облысымыздың аумағына 8559 адам өтті, оның ішінде 1688-і – жолаушы. 159 жолаушыда COVID-19 анықтамасы болмаған. Анықтамасыз жолаушылар 3 тәулікке карантиндік стационарға орналастырылып, ПТР  әдісімен COVID-19-ға тест алынғанда төртеуінің тест қорытындысы оң нәтиже көрсеткен. БҚО арқылы өткен 2 жақты қатынаста халықаралық жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер саны – 2962, оның ішінде 1385 жүргізушінің анықтамалары бар. Ал 1577 жүргізушіде анықтама жоқ болуы себепті олардан ПТР  әдісімен COVID-19 тест алынып, қорытындысында тест  14 адамда оң нәтиже көрсеткен.

Қараша айы басталғалы облыс бойынша барлығы 15 747 адам зертханалық тексеру жасалды. Ал індет басталғалы – 179 464 адамнан сынама алынған. Бүгінгі күні облыс ПТР диагностикасы үшін 32 646 зерттеуге арналған 652 тест-жүйесімен қамтамасыз етілген.

Айта кетейік, кеше  12  қараша күні КВИ-мен сырқаттанушылық Қостанайда 4, БҚО-да 3,2, Павлодарда 2,7 есеге өршігені және осы үшеуі қызыл аймаққа  енгені хабарланған болатын.

Эльмира НҰҒМАНОВА, 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
59 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
241 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
282 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
560 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
572 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
698 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1000 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1092 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1119 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1329 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1601 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1826 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1865 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2012 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2211 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»