8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Шілде 2020 1761 0
Өзек

БҚО-ДА ЕКІ КҮН БОЙЫ ОРМАН МЕН ДАЛА ӨРТЕНДІ

13-14 шілде күндері облыстың Ақжайық және Теректі ауданы аумағында  өрт тұтанып, орман алқабы отқа оранды. Оқиға орнына облыс әкімі Ғали Есқалиев барды. Облыс басшысының тапсырмасымен өртті сөндіру және  оның салдарын жою жөніндегі жедел штаб құрылды. Жағдай бақылауда.

13  шілде күні сағат 17.10-да БҚО Ақжайық ауданының Чапаев ауылы аумағында өрт шықты. Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт Чапаев орман шаруашылығы аумағына найзағай түсуінен және ауа температурасының 410С-қа дейін көтерілуінен тұтанған. Салдарынан 7 гектар құрғақ шөп пен 20  гектар аумақтағы орман алқабы отқа оранды. Желдің  15-20  м/с-қа дейін ұйтқуы да жалынның таралуына әсер етті. Өртті сөндіруге Төтенше жағдай департаменті, орман шаруашылығы мекемесі мен ерікті өрт сөндірушілерден жалпы 160 адам, 25 техника жұмылдырылып, өрт 14 шілде күні сағат 17.57-де  ауыздықталды.

Дәл осы күні сағат 23.50-де Ақжайық ауданының Бударин ауылы Коловертное елдімекенінен 10  шақырымдағы Бударин орман шаруашылығы аумағынан өрт шығып, 5  гектар аумақтағы орман алқабы өртенген. Төтеншеліктер IV дәрежедегі өрт қаупі ретінде бағалады. 14 шілдеде сағат 10.00-де желдің бағытының өзгеруінен екінші ошақта – Жайықтың сол жақ бетіндегі Ақсоғым ауылы тұсында өрт күшейген. Ақсоғым ауылы маңындағы өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығынан 34 қызметкер, ерікті сөндірулер тобы құрамынан 10  жұмысшы мен барлығы  бес техника, Коловертное елдімекені тұсындағы өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 25, жедел құтқару жасағынан 10, апаттар медицина орталығынан – 4, жедел медициналық жәрдем бригадасы мен жолда медициналық көмек көрсету бригадасынан 10 қызметкер жолданған.   Екі күн бойы жанған жалын 16 гектар аумақты шарпыды. Тілсіз жау 14 шілде күні 18.02-де ауыздықталған.

Өрт салдарынан екі үй және  төрт шаруашылық жайы жанған. Коловертное елдімекенінен 42 адам оқшауланып, 15 ірі қара, 25  уақ жандық, 30 құс қауіпсіз аймаққа шығарылды.  Қазіргі уақытта барлығы үйлеріне оралды. Зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ 13  шілде күні Көнеккеткен ауылы аумағында Есенсай орман шаруашылығының орман алқабы өртеніп, 9 гектар аумақты өрт шарпыды. Төтеншеліктер өрттің себебін желдің күшеюінен Жайықтың оң жағалауында басталған өрттің сол жақ бетке өтуінен екенін мәлімдеді. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің төрт жеке құрамы мен ерікті өрт сөндірушілерден 12  адам жұмылдырылған.

14 шілде күні сағат 9.27-де Теректі ауданы Шағатай ауылы мен Ақсоғым елдімекені арасында  құрғақ шөп пен бұталар өртенді. Қатты желдің әсерінен сағат 16.00 шамасында Жайық өзенінің екінші жағына ұшып, Коловертное елдімекеніне қайтдан қауіп төндірген.

Шамамен 16  гектар аумақ отқа оранды.  Өртті сөндіруге  Атырау өңірінен «Қаз әуе  құтқару» АҚ-ның су шашу құрылғысы бар МИ-884 тікұшағы тартылып, жалпы 90 тонна көлемінде су шашылған. Өртті сөндіруге 93  адам 11  техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде  жалын 19.02-де ауыздықталды.

Төтенше жағдайлар және орман шаруашылығы қызметкерлері қалған ошақтарды жою жұмыстарын және өрт болған аумақ айналасын қазу жұмыстарын жүргізуде.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

 zhaikuni.kz

13  шілде күні сағат 17.10-да БҚО Ақжайық ауданының Чапаев ауылы аумағында өрт шықты. Төтеншеліктердің мәліметінше, өрт Чапаев орман шаруашылығы аумағына найзағай түсуінен және ауа температурасының 410С-қа дейін көтерлуінен тұтанған.  7 гектар құрғақ шөп пен 20  гектар аумақтағы орман алқабы отқа оранды. Желдің  15-20  м/с-қа дейін ұйтқуы да жалынның таралуына әсер еткен. Өртті сөндіруге Төтенше жағдай департаменті, орман шаруашылығы мекемесі мен ерікті өрт сөндірушілерден жалпы 160 адам, 25 техника жұмылдырылып, өрт 14 шілде күні сағат 17.57-де  ауыздықталды.

Дәл осы күні сағат 23.50-де Ақжайық ауданының Бударин ауылы Коловертное елдімекенінен 10  шақырымдағы Бударин орман шаруашылығы аумағынан өрт шығып, 5  гектар аумақтағы орман алқабы өртенген. Төтеншеліктер IV дәрежедегі өрт қаупі ретінде бағалап отыр.  14 шілдеде сағат 10.00-де желдің бағытының өзгеруінен екінші ошақта, Жайықтың сол жақ бетіндегі Ақсоғым ауылы тұсында өрт күшейген. Ақсоғым ауылы маңындағы өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті мен орман шаруашылығынан 34 қызметкер, ерікті сөндірулер тобы құрамынан 10  жұмысшы, бес техника, Коловертное елдімекені тұсындағы өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен 25, жедел құтқару жасағынан 10, апаттар медицина орталығынан – 4, жедел медициналық жәрдем бригадасы мен жолда медициналық көмек көрсету бригадасынан 10 қызметкер жолданған.   Екі күн бойы жанған жалын 16 гектар аумақты шарпыды. Тілсіз жау 14 шілді күні 18.02-де ауыздықталған.

Өрт салдарынан ек үй және  төрт шаруашылық жайы жанған. Коловертное елдімекенінен 42 адам оқшауланып, 15 ірі қара, 25  уақ жандық, 30 құс қауіпсіз аймаққа шығарылды.  Қазіргі уақытта барлығы үйлеріне оралды. Зардап шеккендер жоқ.

Сондай-ақ 13  шілде күні Көнеккеткен ауылы аумағында Есенсай орман шаруашылығының орман алқабы өртеніп, 9 гектар аумақты өрт шарпыды. Төтеншеліктер өрттің себебін желдің күйшеюінен Жайықтың оң жағалауында басталған өрттің сол жақ бетке өтуінен екенін мәлімдеді. Оған Төтенше жағдайлар департаментінің төрт жеке құрамы мен ерікті өрт сөндірушілерден 12  адам жұмылдырылған.

14 шілде күні сағат 9.27-де Теректі ауданы Шағатай ауылы мен Ақсоғым елдімекені арасында  құрғақ шөп пен бұталар өртенді. Қатты желдің әсерінен сағат 16.00 шамасында Жайық өзенінен екі жағына ұшып, Коловертное елдімекеніне қауіп төндірген.

Шамамен 16  гектар аумақ отқа оранды.  Өртті сөндіруге  Атырау өңірінен «Қаз әуе  құтқару» АҚ-ның су шашу құрылғысы бар МИ-884 тікұшағы тартылды.  Жалпы 90 тонна көлемінде су шашылған. Өртті сөндіруге 93  адам 11  техника жұмылдырылды. Қабылданған шаралар нәтижесінде  жалын 19.02-де ауыздықталды.

Төтенше жағдайлар департаменті және орман шаруашылығы қызметкерлері қалған өрт ошақтарын толықтай сөндіруде.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

 zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
«AMANAT» көмекке келді
28 Наурыз 2024
55 0
Қоғам
Болашақты болжайтын карта
28 Наурыз 2024
98 0
Мезгіл мәселесі
Тасқын толастар емес!
28 Наурыз 2024
114 0
Мезгіл мәселесі
Жағдай мәз емес!..
28 Наурыз 2024
118 0
Мезгіл мәселесі
Арық салуға қомақты қаражат керек
27 Наурыз 2024
202 0
Қалалықтар қаперіне
Арнайы комиссия құрылады
27 Наурыз 2024
198 0
Мезгіл мәселесі
Тасқынның мән-жайын түсіндірді
27 Наурыз 2024
204 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқынының алдын алу шаралары пысықталды
26 Наурыз 2024
289 0
Табиғат
Экологиялық акциялар өтті
24 Наурыз 2024
544 0
Мереке
Жыл басы күнін атап өтті
23 Наурыз 2024
735 0
Құттықтаймыз!
80 отбасы баспаналы болды
21 Наурыз 2024
865 0
Мереке
Балаларға базарлық берілді
21 Наурыз 2024
875 0
Мереке
Жаңару күнін тойлады
20 Наурыз 2024
950 0
Қалалықтар қаперіне
«Ұршық пати» көрмесі өтті
16 Наурыз 2024
1353 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысының атынан ауызашар берілді
16 Наурыз 2024
1371 0
Табиғат
Салаладағы мәселелер талқыланды
15 Наурыз 2024
1447 0
Қалалықтар қаперіне
Жайық жұртымен кездесті
14 Наурыз 2024
1535 0
Білім
Дубналықтар КазИИТУ-ға келді
12 Наурыз 2024
1742 0
Қалалықтар қаперіне
Құрметті Батыс Қазақстан облысының тұрғындары!
12 Наурыз 2024
1740 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»