8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Шілде 2020 1525 0
Өзек

БҚО-ДА ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫН НЕГІЗСІЗ ӨСІРГЕНДЕР АНЫҚТАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысында да эпидемиологялық ахуал күрделі. Қазір өңір билігі алыпсатарларды анықтап, дәріханалардағы бағаны бақылау жұмыстарын күшейтті. ПД және өзге де сала мамандарынан құралған мониторнигтік топ осы аптада дәрі-дәрмек бағасын негізсіз өсірген 9 фактіні анықтаған.


Дәрі-дәрмектің облысымызға келетін көлемі 5 есеге көбейсе де вирусқа қарсы препараттар мен қызуды басатын дәрі-дәрмектерне сұраныс екі есеге артқан. Оның негізгі себебі аурулар саны көбеюде. Қазір жоғарыда аталған дәрі-дәрмектерге тапшылық байқалуда. Бұл проблема тек біздің облысқа ғана емес барлық аумақтарда тән мәселе болып отыр. Президент атап өткендей келесі аптадан бастап, дәрі-дәрмекпен қамту қолға алынады. Деседе ол уақытқа дейін құлқының қамын ойлаған жеке кәсіпкерлер мен кейбір фармацевтер тұрғындар сұранысына сай препараттар бағасын негізсіз қымбататқан және үй жағдайында медициналық маскаларды сатып пайда таппақ болған. БҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары Ернар Сұлтанғалиевтің айтуынша, 4 күн ішінде 9 факті бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

– Аталған фактілер жеке дәріханаларда тіркелді. Олар парацетамол, цефазолин, цефтриаксон және мукалтин препараттарын нарықтағы бағадан қымбат бағаға сатқан және екі тұрғын үйден медициналық маскаларды заңсыз саудаға түскені анықталды. Бұл деректер бойынша хаттама толтырылды. Енді олар әкімшілік жазаға тартылатын болады, – деді БҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығының орынбасары Ернар Сұлтанғалиев.

Жағдай тұрақтанғанша дәріханалардағы дәрі-дәрмек бағасы үнемі бақылауда болады.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
78 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
124 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
163 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
419 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
441 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»