8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
09 Сәуір 2020 1590 0
Өзек

БҚО-ДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН ЕКІ ШЕТЕЛДІК ТІРКЕЛДІ

Екі азамат та Өзбекстан Республикасының азаматттары.  Бұл жөнінде бүгін шұғыл тікелей эфирге шыққан БҚО мемлекеттік бас санитар-дәрігері хабарлады. 

Облыстың бас санитар-дәрігері М. Арсыпаевтың мәліметінше,  халықаралық жүк тасымалдаумен айналысатын Өзбекстан Республикасының азаматтарында Ресей Федерациясымен шекарадағы автоөтпел бекетіндегі санитарлық-карантиндік бақылаудан өту кезінде санитарлық-карантиндік бақылау қызметкерлері сауалнама жүргізу және қашықтықтан термометрия жүргізу кезінде азаматтардың бірінде температураның жоғарылауы анықталған. Аталған азаматтар іс-әрекеттер алгоритміне сәйкес оқшауланып, жедел жәрдем қызметі шақырылды. Барлық эпидемияға қарсы іс-шараларды сақтай отырып, аталған азаматтар провизорлық стационарға жеткізіліп, коронавирустық инфекцияға зертханалық талдау жүргізілді. ПТР зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланған.

БҚО денсаулық сақтау басұармасы басшысы Болатбек Қаюпов қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық жағдайда екенін жеткізді. Олар  облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған.

Барлық байланыста болған адамдар дер кезінде оқшауланып, медициналық бақылауға алынған.  Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.

Айта кетейік,  бұған дейін,  яғни 29 наурызда облыста екі азаматтың короеавирустық инфекция жұқтырғаны тіркелген еді. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша Батыс Қазақстан облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирусты инфекциямен барлығы 4 адам ем алуда.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»