8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Маусым 2020 2089 0
Қоғам

БҚО-ДА ҰБТ ҚАТЫСУШЫСЫНА АПЕЛЛЯЦИЯ АРҚЫЛЫ 6 БАЛЛ ҚОСЫЛДЫ

Апелляция өтініштері ҰБТ нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия  күнтізбелік бір күн ішінде қарастырады. Түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қарастырылмайды.

Апелляция тест тапсырмаларының мазмұны бойынша дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмесе (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі), дұрыс жауап болмаса, берілген барлық жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірден көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі), тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса, тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) табылмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда және  техникалық себеп бойынша –  дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер екі және одан көп дөңгелекше ретінде оқыса, дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер бос дөңгелекше ретінде оқыса, жауап парағында ақау болғанда қарастырылады.

– Бүгінгі таңда апелляцияға берілген екі өтініш бойынша нәтижесі оң болып, түлектерге тиісті балл қосылды. Бірінші жағдайда мазмұны бойынша  аппеляция қаралып, тестіленушіге  физика пәні бойынша 1 балл қосылды. Екіншісінде техникалық себептерге байланысты берілген аппелияцияда тестіленушіге 6 балл қосылды, – деді Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Гүлнара Ақмырзақызы.

 

Еске сала кетейік, БҚО-да ҰБТ 22 маусым күні басталды. Төрт  күн ішінде  2041 талапкер тест тапсырды.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»