8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
30 Мамыр 2020 1300 0
Өзек

БҚО-ДА БІР ТӘУЛІКТЕ 36 АДАМНАН КОРОНАВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

29 мамырдағы мәлімет бойынша Батыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 36 адам тіркелді. Аурушаңдық көрсеткіші бойынша өсім 6,6 пайыз.  Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.  

Коронавирус инфекциясы анықталған 1 адам – Ресей Федерациясында жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының тұрғыны. Ресей Федерациясымен шекарадағы «Тасқала» автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымы болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азамат карантиндік стационарға жатқызылды.

Сонымен қатар, 31 пациент өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін зертханалық сынама алынған.

4 адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.  Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

Айта кетейік, облыста коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайлары 29 наурызда тіркелді.  29 мамыр күнгі жағдай бойынша облыста коронавирусты жұқтырған 580 адам тіркелді.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
74 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
122 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
161 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»