БҚО-ДА «БЕКІРЕ – 2021» БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ
Батыс Қазақстан облысында бекіре тұқымдас және басқа да балық түрлерінің және олардың өнімдерінің заңсыз аулануының, айналымының және контрабандасының жолын кесу және алдын алу мақсатында «Бекіре-2021» кең ауқымды балық қорғау акциясы өткізілуде. Акция 31 мамырға дейін жалғасады.

БҚО Полиция департаменті хабарлағандай, “Орал-Каспий” балық шаруашылығы бассейні бойынша пайдалану орындары мен тыйым салынған мерзімдері белгіленді. Атап айтқанда, Көшім, Киров, Бітік, Дөңгелек өзендерінде және Пятимар су қоймасында – 1 мамырдан 15 маусымға дейін, Шалқар көлінде, Орал-Көшім суармалы-айналмалы жүйелері көлдерінде, Қамыс-Самар жүйесі өзен және көлдерінде – 1 мамырдан 31 мамырға дейін, Батыс Қазақстан облысының басқа су қоймаларында – 1 мамырдан 15 маусымға дейін тыйым салынады.
Сондай-ақ барлық поймалық су қоймаларымен бірге БҚО аумағындағы Жайық өзенінде (ескі арналар, ағыстар, тармақтар, өзектер) – 10 сәуірден 15 маусымға дейін, БҚО аумағындағы басқа су қоймаларында – 1 мамырдан 1 маусымға дейін тәуліктің түнгі уақытында балық аулауға тыйым салынып отыр.
Оған қоса 1 сәуірден 15 маусымға дейін барлық жерде шаян аулауға тыйым салынған.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу