БҚО-ДА ҚАТАҢ КАРАНТИНДІК ШЕКТЕУЛЕР ЕНГІЗІЛДІ
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің Қазақстан Республикасы аумағында шектеу шараларын енгізу туралы қаулысы шықты. БҚО-дағы эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Осы орайда БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің облыс аумағында уақытша шектеу шараларын енгізу туралы қаулысы шықты. Шектеу шаралары туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы М.Арыспаев түсіндірді.

БҚО бас мемлекеттік санитар-дәрігерінің қаулысына сай облыс аумағында 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап 14 күнге қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізіледі.
Атап айтқандай, банкеттер, той, мерейтой, отбасылық, еске алу және басқа да халық көп жиналатын рәсімдерге тыйым салынады. Түнгі 23.00-ден таңғы 06.00-ге дейін көлік қоғалысына шектеу қойылады. Тек жедел жәрдем, апаттық және баста да арнайы қызметтердің, Орал қаласы мен облыс аудандары тұрғындарының тіршілігін қамтамасыз етуші ұйымдардың көліктеріне ғана рұқсат.
Қалалық саябақ пен жағалаудан басқа тынымбақ, алаң, жағалаулар сынды халық демалатын орындарға үш адамнан артық емес топпен немесе бір отбасы мүшелерінің баруына рұқсат.
Өңірлер арасындағы жолаушылар автобус тоқтатылады.
Сауда үйлері мен орталықтарының, павильондарының, сауда нүктелерінің қызметі тоқтатылады. Бірақ, оның ішіндегі супермаркеттер, дүкендер, дәріханалар жұмыс жасай береді.
Жабық азық түліктік, азық-түліктік емес базарлардың, сұлулық салондары, шаштараздар, спорттық және тренажерлік залдар, фитнес-орталықтары, бассейн, сауна, монша, SPA-орталықтарының қызметтері де тоқтайды.
Меншік түріне қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар, балаларға арналған түзету кабинеттері, білім беру орталықтары, дамыту орталықтары, үйрімелер, балалар мен ересектерге арналған курстар, мектеп жанындағы сауықтыру лагерлері, қалалық демалыс саябағы мен жағалауы да жұмысын уақытша тоқтатады.
Барлық ойын-сауық нысандары, кинотеатрлар, ауладағылардан басқа ойын алаңдары, батуттар, аттракциондар, түнгі клубтар, компьютерлік және ойын клубтары, қорқор, букмекерлік кеңселер, мерекелерді ұйымдастыру орталықтары, діни ғимараттар мен мәдениет саласындағы барлық ғимараттары осы 14 күнге жабылады.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу