БҚО-ДА «ҚАМҚОРЛЫҚ» БАСТАМАСЫМЕН ИНКЛЮЗИЯНЫ ҚОЛДАУ КАБИНЕТТЕРІ АШЫЛДЫ
Бүгін, 14 желтоқсан күні өңірде екі инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Олардың бірі – Орал қаласындағы №5 орта мектепте, екіншісі – Теректі ауданы №1 Подстепный орта мектебінде жұмысын бастады. Кабинеттердің ашылуы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Қамқорлық» бастамасымен әзірленген мүмкіндігі шектеулі балаларды қолдау бойынша әлеуметтік және білім беру бастамасы аясында жүзеге асырылды.

«Қамқорлық» бастамасы аясында республикамыздың сегіз өңірінде 16 кабинет ашу көзделген болса, оның екеуі – облысымызда жұмысын бастап отыр.
– Бұл – мемлекет тарапынан ерекше күтімді қажет ететін балаларға көрсетілген қамқорлық. Болашақта Орал қаласындағы және ауылдық елді-мекендердегі мектептерде де осындай кабинеттер ашылатын болады. Кабинетті материалдық-техникалық жабдықтармен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры» акционерлік қоғамы қамтамасыз етті. Аталмыш қоғамға және Елбасы қорына мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге жасаған игі істері үшін алғыс айтамыз, – деді Оралдағы №5 орта мектепте ашылған инклюзивті қолдау кабинетінің ашылуына қатысқан қала әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.
Салтанатты рәсімде кабинеттің ашылу лентасын қиған тәрбиеленуші Ибрагим Ғұмар бастап кабинетке кіріп, меймандар жаңа орынның жай-күйімен танысты. Кабинетті ашу үшін жергілікті бюджет есебінен 2 млн. 223 мың теңге бөлініп, кабинеттегі терезелерді ауыстыру, еден, жар, төбені тегістеу, әктеу, жарық шамдарын қондыру, жылу беру құрылғыларымен қамтуға, линолеум төсеу, есікті жаңғырту, терезе пердесін жаңарту жұмыстарына жұмсалған. Жол картасына сәйкес кабинетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы есебінен жүргізілген. Жаттығу аймағы, жұмсақ, дивандар қойылып, әр балаға жеке жұмыстануға жағдай жасалған. Оқу құралдары, оқу ойыншықтары, монтессори, кіріктірілген оқу бағдарламалары бар интерактивті панель сынды 27 түрлі жабдықпен қамтамасыз етілген. Финляндиядан арнайы тапсырыспен алынған жиһаздар мен ойыншықтарға 30 жылдан астам уақытқа кепілдік берілген.
АЛ Теректі ауданы Подстепный №1 орта мектебінде инклюзивті кабинет ашу үшін жергілікті бюджет есебінен 1 млн. 500 мың теңге бөлініп, кабинеттегі жар тегістеу, әктеу, жарық шамдарын қондыру, линолеум төсеу, терезе пердесін орнатуға жұмсалды. Сонымен қатар барлық кабинетке қажетті құрал жабдықтар мен жиһаздар да жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етілген.
Инклюзивті қолдау кабинеті қызметкерлерінің штаттық кестелері бекітілген. Мамандар арнайы біліктілік арттыру курстарынан өтіп жұмысқа қабылданды. Кабинеттерге психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесінің қорытындысы бойынша 20 оқушы тіркелген. Айрықша күтімдегі балаларының ортаға бейімделуіне мүмкіндік жасағаны үшін ата-аналар Елбасы қорына, жергілікті атқарушы орган өкілдеріне алғыстарын жаудыруда.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу