8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Сәуір 2021 1052 0
Қоғам

БҚО-ДА АЛДАҒЫ БЕС ЖЫЛДА 177 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

  «Nur Otan» партиясының БҚО-дағы филиалы «Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бес жылға арналған жол картасын бекітті. Бұл құжатта облысты дамытудың жеті басым бағытын айқындалған. Партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев осы бағыттардың алғашқысы – Экономикалық тұрақты аймақ бағыты бойынша алдағы бес жылдың жоспарымен бөлісті. 

 

– Экономикалық тұрақты аймақ – облыстың экономикалық даму жоспары. Алдағы бес жылда біз 177 инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде мұнайды терең өңдейтін зауыт, индустриялық аймақ құру, метанол өндіру зауытын салу, үш сауда және көлік логистика орталығын салу сынды ірі жобалар жоспарланған. Жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өнім түрлерін одан әрі шығару мақсатында халықаралық сапа стандарттарын алу жолымен жұмыс істеп тұрған 10 кәсіпорынды жаңғырту көзделіп отыр. Жыл сайын кемінде 5 өнеркәсіптік кәсіпорынға экспорттық шығындарын өтеу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету қарастырылуда. Жалпы бес жыл ішінде осы шараларды іске асыру арқылы 58 мың жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл өңірімізде  жұмыссыздықты азайтуға зор септігін тигізеді. Бүгінде  облыста 670 мыңға жуық тұрғын бар, соның 300 мыңнан астамы – еңбекке  қабілетті жастағылар деп санасақ, 58 мың азамат солардың 20 пайызын құрайды, – дейді Мұрат Мұқаев.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығына көңіл бөлінбек. Агроөнеркәсіптік кешенде 34 инвестициялық жоба бар. Осы инвестициялық жобаның ішінде сүт өндіру кешені, үш жылыжай кешені, 4000 тоннаға арналған көкөніс қоймасы, жалпықуаттылығы 54 мың ірі қараға арналған 27 бордақылау алаңын салу көзделді. Бүгінде бірқатар бордақылау алаңдары іске қосылуда. Ең маңызды мәселе – жылыжай.

– Бұрын шағын жылыжайлар ғана болатын. Қазіргі заманауи жылыжайлар голландиялық технологиямен салынып жатыр. Ақсай қаласында жақын күндері 8 гектарлық заманауи жылыжай іске қосылады. Орал қаласында екі жылыжай салынуда. Бұл экспортқа 250 мың АҚШ долларын құрайтын ауыл шаруашылық өнімдерін шығаруға мүмкіндік береді. Осы шаралар арқылы агроөнеркәсіптік кешендегі  еңбек өнімділігі 1,5 есеге артады. Өңіріміздің климаты – ауыл шаруашылығына қолайлы саналады. Сондықтан бұл саланы дамыту назарда, – дейді Мұрат Мұқаев.

Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту мақсатында жылына 270-тен астам жоба мемлекеттік қолдаумен қамтылатын болады. 5 мыңнан астам шағын несие, жаңа бизнес идеялар үшін 3 мың грант беріледі. 281 гектар алаңға  индустриалдық аймақ құру жоспары бар. Индустриалдық аймақ Теректі ауданы, Оралдың Деркөл, Зашаған кенттері аумақтарынан жоспарланып отыр. Бұл шаралар 2025 жылға дейін кәсіпорындардың санын 45 мыңға дейін көбейтуге мүмкіндік бермек.Жалпы өнім шығару 1,5 трлн. теңгеге дейін ұлғайтылады деп күтілуде.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

«Жайық үні-Жизнь города» газеті 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жедел-профилактикалық іс-шара өтуде
15 Мамыр 2024
91 0
Мәдениет
БҚАТУ-дың студенттік театры бар
15 Мамыр 2024
98 0
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
581 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
659 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
670 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
699 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
714 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
1086 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
1213 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1246 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1521 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1529 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1662 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1954 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
2053 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
2078 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2289 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»