БҚО-ДА АКЦИЗДІК ТАҢБАСЫЗ ТЕМЕКІ БҰЙЫМДАРЫ САҚТАЛҒАН ҚОЙМА ТАБЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облысында 20-дан астам заңсыз ойын ұйымдары, 5 млн. қораптан астам акциздік таңбасыз темекі бұйымдары сақталған қойма анықталған. Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметі өндірісінде биылғы жылы тергеу жүргізілген бұдан да басқа қылмыстық істер туралы департамент басшысының орынбасары Темірлан Шонаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.

Анықталған заңсыз ойын ұйымдары бойынша өндірісте 10 қылмыстық іс қаралған. 7 іс бойынша ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, үлкен көлемде техникалар, ойын автоматтары тәркіленген. Акциздік таңбасыз темекі бұйымдары облыстық ІІД мен облыстық МКД-ның бірлескен жедел-іздестіру шаралары арқылы анықталыпты.
– Бұл темекі бұйымдарының шыққан орнын растайтын ешқандай құжат болмады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1-тармағы бойынша қылмысқа дейінгі тергеу тіркелді. Жүргізілген шаралар барысында Орал және Ақсай қалалары аумағында түрлі атаудағы 14 млн.-нан астам темекі бұйымдары алынды. Сотқа дейінгі тергеуді жүргізу барысында жалпы сомасы 4,8 млрд. теңге болатын осы темекі бұйымдары жалған құжаттар мен декларациялар арқылы кеден шекарасынан, нақты айтқанда Ақтау қаласы «МОРПОРТ» кеден бекеті арқылы заңсыз өткізілгенін көрсететін бірқатар жағдайлар анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 234-ші «Экономикалық контрабанда» бабының 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу ісі тіркеліп, қылмыстық істі тергеу орталық аппаратқа берілді, – дейді Темірлан Төлегенұлы.
Экономикалық тергеу қызметі өндірісінде 9 ай ішінде 162 қылмыстық іске тергеу жүргізілген. 107 құқықбұзушылық тіркеліп, олардың 60 пайызы бойынша іс аяқталған. Аяқталған қылмыстық істерден келтірілген шығын 2 млрд. теңгеден асқан. Оның 1,5 млрд.теңгесі өндіріліп, жалпы сомасы 500 млн.теңге мүлікке тыйым салынған.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында облыс аумағында азаматтарды алдау және сеніміне кіру арқылы түрлі тауарларды сатып алу кезінде сериясы мен нөмірі АА 0000000 болатын номиналдық құны 20 000 теңге жалған ақшамен есеп айырысқан бір топ азамат ұсталып, кінәлілер 5 жыл бас бостандығынан айырылған. Осы орайда департамент мамандары осындай оқиғаға тап болған азаматтарды 53-84-27 сенім телефонына хабарласуларын сұрайды.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу