8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қазан 2018 1926 0
Өзек

БҚО-ДА АКЦИЗДІК ТАҢБАСЫЗ ТЕМЕКІ БҰЙЫМДАРЫ САҚТАЛҒАН ҚОЙМА ТАБЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облысында 20-дан астам заңсыз ойын ұйымдары, 5 млн. қораптан астам акциздік таңбасыз темекі бұйымдары сақталған қойма анықталған. Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу қызметі өндірісінде биылғы жылы тергеу жүргізілген бұдан да басқа қылмыстық істер туралы департамент басшысының орынбасары Темірлан Шонаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті.  

Анықталған заңсыз ойын ұйымдары бойынша өндірісте 10 қылмыстық іс қаралған. 7 іс бойынша ұйымдастырушылар қылмыстық жауапкершілікке тартылып, үлкен көлемде техникалар, ойын автоматтары тәркіленген. Акциздік таңбасыз темекі бұйымдары облыстық ІІД мен облыстық МКД-ның бірлескен жедел-іздестіру шаралары арқылы анықталыпты.

 –  Бұл темекі бұйымдарының шыққан орнын растайтын ешқандай құжат болмады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1-тармағы бойынша қылмысқа дейінгі тергеу тіркелді. Жүргізілген шаралар барысында Орал және Ақсай қалалары аумағында түрлі атаудағы 14 млн.-нан астам темекі бұйымдары алынды. Сотқа дейінгі тергеуді жүргізу барысында жалпы сомасы 4,8 млрд. теңге болатын осы темекі бұйымдары жалған құжаттар мен декларациялар арқылы кеден шекарасынан, нақты айтқанда Ақтау қаласы «МОРПОРТ» кеден бекеті арқылы заңсыз өткізілгенін көрсететін бірқатар жағдайлар анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 234-ші «Экономикалық контрабанда» бабының 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеу ісі тіркеліп, қылмыстық істі тергеу орталық аппаратқа берілді, – дейді Темірлан Төлегенұлы.   

Экономикалық тергеу қызметі өндірісінде 9 ай ішінде 162 қылмыстық іске тергеу жүргізілген. 107 құқықбұзушылық тіркеліп, олардың 60 пайызы бойынша іс аяқталған. Аяқталған қылмыстық істерден келтірілген шығын 2 млрд. теңгеден асқан. Оның 1,5 млрд.теңгесі өндіріліп, жалпы сомасы 500 млн.теңге мүлікке тыйым салынған.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында облыс аумағында азаматтарды алдау және сеніміне кіру арқылы түрлі тауарларды сатып алу кезінде сериясы мен нөмірі АА 0000000 болатын номиналдық құны 20 000 теңге жалған ақшамен есеп айырысқан бір топ азамат ұсталып, кінәлілер 5 жыл бас бостандығынан айырылған. Осы орайда департамент  мамандары осындай оқиғаға тап болған азаматтарды 53-84-27 сенім телефонына хабарласуларын сұрайды.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
100 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
270 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
463 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
706 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
784 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
891 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
899 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
920 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
936 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
1036 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
1259 0
Қалалықтар қаперіне
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады
06 Сәуір 2024
1576 0
Оқиға
Мас күйінде көлік басқарған
06 Сәуір 2024
1458 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынының екінші кезеңі басталды
05 Сәуір 2024
1568 0
Қалалықтар қаперіне
Жеті мыңдай адам эвакуацияланды
05 Сәуір 2024
1558 0
Мезгіл мәселесі
Президент өңірімізге келді
04 Сәуір 2024
1688 0
Қалалықтар қаперіне
«Ресейден су келе жатыр…» дейді мамандар
04 Сәуір 2024
1733 0
Қоғам
Тасқынға тойтарыс береміз!
04 Сәуір 2024
1680 0
Қалалықтар қаперіне
Қарғынға қарсы қамданыс күшейді
04 Сәуір 2024
1689 0
Қалалықтар қаперіне
Биыл елімізде әскери шеру өткізілмейді
03 Сәуір 2024
1794 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»