БҚО-ДА АБАЙ ОҚУЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ
М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенті Ақниет Қайырғалиев республикалық Абай атындағы көркемсөз оқу шеберлері байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы атанды.

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен байқаудың облыстық кезеңіне 13 үміткер қатысты. Шараны басқарма басшысы Айгүл Мыңбаева ашты. Биылғы Абай оқуларының ерекшелігі – жастар жылы аясында оздырылып, Абайдан кейінгі қазақ поэзиясында жарық жұлдызға айналған, Абайдың дәстүрін жалғаушы, Алаш арыстары Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Дөнентаев, Ілияс Жансүгіровтердің 125 жылдығына және қазақ поэзиясының патшайымы атанған Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына орай бірнеше ақын-жазушылардың шығармашылығын қамтыды.
Бірінші кезеңде сайыскерлер Абай Құнанбайұлының поэзиясы мен прозалық туындыларын мәнерлеп жатқа оқыды. Абайдың әндерін тамылжыта шырқағандар да табылды. Екінші кезеңде Б.Майлиннің, С.Сейфуллиннің прозалық шығармаларынан үзінді оқыды. Бұл бөлімге қатысушылардың басым бөлігі Б.Майлиннің «Күлпашынан» үзіндіні таңдаған. Ал үшінші кезеңде С.Дөнентаев, І.Жансүгіров және Ф.Оңғарсынованың поэзиялық шығармалары оқылды. Дегенмен, қатысушылар арасында дайындықсыз шығып, сахнада мүдіргендер де болды. Бұл қазылар алқасы тарапынан да ескерусіз қалған жоқ.
– Шығарманы оқыған кезде әр адам толықтай туындымен танысып алуы керек. Содан кейін ғана эпизодтық бөлімдерін таңдаған жөн. Мәтінге мән бермей үзіндіні «жұлып» алып оқыған қатысушылардың бар екені білініп тұрды. Екіншіден, қазақтың үш бәйтерегі атанған Сәкен, Ілияс, Бейімбеттің шығармалары көп. Олар ХХ ғасырдағы Кеңестік дәуір әдебиетінің жүгін арқалайтын көркем прозада да, поэзияда да айрықша із қалдырған. Бірақ, жастарымыз санаулы шығармаларды ғана шолып өткендігі байқалды. Фариза ақын мен Сәбит Дөнентаевтың өлеңдерін де бір үміткер оқысы, екіншісі соны қайталады. Біздер бұрын-соңды көп оқылмаған туындыларды тыңдай алған жоқпыз, – деді қазылар алқасының төрайымы Рита Сұлтанғалиева.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені жеңіп алған М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті А.Қайырғалиев 30 мың теңге қаржылай сыйлық алды. Бірінші орын алған осы оқу орнының студенті Н.Бақтыбайға – 20 мың, екінші орын алған Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенті Н.Асылбеков пен М.Өтемісов атындағы БҚМУ студенті Д.Қуанышбайұлына – 15 мың, үшінші орын алған Жаңақала аудандық мектеп-гимназиясының педагог-психологы А.Мұханбетова, Теректі аудандық колледжінің студенті Қ.Құбаниязов пен Орал ақпараттық технологиялық коллджінің студенті М.Сәрсенге 10 мың теңгеден берілді.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«Elge qyzmet: жауапкершілік пен мүмкіндік» тақырыбында жастармен кездесу өтті
Мемлекеттік қызметтер: жүйелі мәселелерді шешу және сапаны арттыру
Еліміздің батысында көпсатылы командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды
2028 жылғы шілдеге дейін еліміздегі 2,6 мыңнан астам шағын жинақты ауыл мектебі жасанды интеллект енгізу жобасымен қамтылады
Спорт саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері талқыланды
Оралда Қорғаныс министрлігінің патриоттық акциясына 2 мыңға жуық адам қатысты
79,3% казахстанцев характеризуют обстановку в стране как благополучную или стабильную
Мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент және комплаенс мәселелері түсіндірілді
Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мәселелері талқыланды
«ЖАЙЫҚ ЖҮЙРІГІ – 2026»: Жүйріктер додасының жеңімпаздары анықталды
Оралда алғаш рет «JAIYQ SAZY» халықаралық этнофестивалі өтті
Оралда қала күніне орай І халықаралық «JAIYQ SAZY» этнофестивалі өтті
ОБЛЫС ӘКІМІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘБІЛҒАЗЫ ҚҰСАЙЫНОВПЕН КЕЗДЕСТІ
Президент VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Строительство АЭС создаст новые возможности для специалистов и бизнеса в Казахстане – эксперт
Не только физики-ядерщики: студентам рассказали, кому найдется работа на будущих АЭС Казахстана

Кіру
Пікір үстеу