8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Желтоқсан 2020 3626 0
Жалын

БҚО-ДА 7354 ЖАС «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Бүгін, 22 желтоқсан күні өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының м.а. Нұрхат Ораш 2020 жылы өңірде жастар саясаты саласында жасалған жұмыстар туралы мәлім етіп, жастардың жұмыспен қамтылу шараларына тоқталды.

Спикердің сөзінше, 2020 жылдың 1 желтоқсанына Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 7354 жас жұмыспен қамтудың түрлі шараларымен қамтамасыз етілген. Соның ішінде, 6207 жас жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда, 2586 жас жұмыс берушілер мәлімдеген бос жұмыс орындарына, 130 жас әлеуметтік жұмыс орындарына, 1835 жас маман жастар практикасына, ақылы қоғамдық жұмыстарға 1656 жас жолданған.

– Бұған қоса, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 126 жас жолданды, 95 жас оқуын аяқтап, 54 жас жұмысқа орналастырылды, 98 жас несие алды, 517 жас жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз негізде гранттар алды. «Бизнес – Бастау» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 406 жас жолданды, – деді Нұрхат Серікқалиұлы.

Биыл өңірде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 818 маман ауылдық жерлерге тартылып, 224,4 млн теңге көлемінде көтерме жәрдемақы берілді. 555  маманға 2,154 млрд.теңге  көлемінде баспана алуға несие берілген.

«Жасыл ел» бағдарламасы бойынша 1175 сарбаз, студенттік құрылыс жасақтары құрамында 371 жас маусымдық жұмыспен қамтылды.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
63 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
106 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
60 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
290 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»