8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Наурыз 2019 1901 0
Өзек

БҚО-ДА 406 АДАМ ҚАР ҚҰРСАУЫНАН ҚҰТҚАРЫЛДЫ

БҚО құтқарушылары өткен демалыс күндері қар құрсауынан 406 адамды құтқарды.

«Қазгидромет» РМК мәлімдегендей облыстың кейбір аудандарында биылғы жылы қардың биіктігі орташа көпжылдық мәннен 1,5 еседен 3 есеге дейін жоғары. 2019 жылдың басынан бастап облыста 19 дауылды (қатты желді) алдын ала ескерту жарияланды, Батыс Қазақстан облысының аумағында жиі болатын бұрқасындар мен борандарға байланысты қардың көптеп жаууы салдарынан 97 рет жол жабылды.

Осыған байланысты, құтқарушылар қар құрсауында қалған азаматтарды құтқару үшін жиі шығады. Мәселен, жылдың басынан бері 1327 адам құтқарылды, 221 адам эвакуацияланып, 523 автокөлік сүйреп шығарылды.

Соңғы 3 күнде азаматтарды және техниканы қардан құтқару бойынша авариялық-құтқару жұмыстары Тасқала, Қаратөбе, Бөрлі, Сырым және Теректі аудандарында жүргізілді. Әсіресе, көптеген құтқару жағдайлары Тасқала ауданында тіркелген.

Мәселен, 1 және 2 наурызда Тасқала ауданында Батыс Қазақстан облысы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, «ҚазАвтодор» ЖШС күштері арқылы қар құрсауынан 332 адам құтқарылды, 6 адам эвакуацияланды. Облыс бойынша өткен 3 күн ішінде барлығы 406 адам құтқарылып, 114 автомашина қалың қардан шығарылды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
46 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
106 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
142 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
407 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
427 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»