8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
01 Сәуір 2020 1043 0
Қоғам

БҚО-ДА 30 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТ ҮНЕМДЕЛДІ

Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019 жылғы мемлекеттік сатып алулардың 54%-ы бәсекелестік ортасына түспей, яғни бір көзден сатып алынған. Бәсекелестік ортада және бір көзден сатып алынған кейбір тауарлар бағасындағы айырмашылық 30%-ға дейін жеткен. 

Бұл жағдай бәсекелестік ортасына да, сонымен бірге мемлекет қаражатын үнемдеуге де кері әсерін тигізеді. Сатып алудың 10%-ын оптимизациясын жүргізген жағдайда 2 млрд теңгені үнемдеп, бұл қаражатты одан әрі экономиканың дамуына жұмсауға болады.

Бұл бағыттағы жұмыста кең таралған цифрландыру негізгі құрал болуы тиіс. Цифрландыру мемлекеттік сатып алудың ашықтығына әкеледі және сыбайлас жемқорлықтың түп тамырын жоюдағы қарышты қадам болып табылады.

Осы ретте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі арқылы сатып алу саласының мониторингін іске асыруда.  Бұл порталдың тапсырыс берушілер мен бюджет әкімшілерінің негізсіз бағаны төмендету немесе көтеріп қою, жеткізу мерзімін қысқарту, белгілі бір өнім берушіге ықылас танытуы сияқты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері көріністерін анықтау қабілеті автоматтандырылған.

2020 жылдың басынан бері Агенттіктің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті аталған жүйені қолданып, мониторинг жүргізу нәтижесінде 30,8 млн.теңге бюджет қаражатын үнемдеуге қол жеткізді.

Департамент басшысының бірінші орынбасары Н.И.Саметтің айтуынша, «Сатып алудың бірыңғай терезесі» ақпараттық-талдау жүйесі тауарлар мен қызметтердің актуальді орташа бағасын белгілі бір лот жарияланған бағасымен осы уақыттағы режимде салыстыруға мүмкіндік береді.  Осылайша, мемлекеттік органдар мен ұйымдарының тауарлар мен қызметтердің бағасын өсіру фактілері анықталды.

Бұл мекемелерге сатып алу жоспарларындағы бағаны медиандық бағаға келтіріп, қайта қарау туралы ұсыныстар жолданды.

Ұсыныстарды орындау нәтижесінде 30,8 млн.теңгеден аса бюджет қаражатының мақсатсыз шығындаудың жолы кесіліп, қаражат үнемделді.

Бұл жағдайда сатып алу жүйесінің қатысушылары жемқорлық тәуекелінің қатерлі аймағында орналасқанын білдіреді және осының салдарынан құзыретті органдардың ерекше бақылауына алынған.

Өткен жылы БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен мемлекеттік сатып алу саласында 29 қылмыс ашылды.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал сомасы 558,2 млн.теңгені құрады.

Сонымен қатар Департамент азаматтарды мемлекеттік сатып алу саласында орын алған немесе дайындалып жатырған құқық бұзушылық куәсі болып немесе бұлар жөнінде ақпараты болған  жағдайда «1424» Call-орталығы телефон нөміріне хабарласып, жемқорлыққа қарсы іс-қимылды бірлесе атқаруға шақырады.

 

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мәдениет
Сабаздың рухын жаңғыртты!
11 Мамыр 2024
367 0
Қалалықтар қаперіне
Үйлердің құрылысын жеделдетуді тапсырды
09 Мамыр 2024
447 0
Құттықтаймыз!
Жеңіс күнімен құттықтады
09 Мамыр 2024
450 0
Қалалықтар қаперіне
Саяжай тұрғындары үйлеріне орала бастады
09 Мамыр 2024
488 0
Бәрекелді!
Жоғары әскери шен берілді
09 Мамыр 2024
504 0
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
872 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
998 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
1032 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
1307 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
1315 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
1446 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1744 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1842 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1866 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
2078 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
2351 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»