БҚО-ДА 100 АДАМ СТАЦИОНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ
БҚО-дағы коронавирус инфекциясын жұқтырған екі науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Н.Мұстаев мәлімдеді.

– 29 наурызда Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекциясының (COVID-19) екі жағдайы тіркелген болатын. Екі пациент те облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қажетті емдерін алуда. Қазіргі уақытта екі пациенттің де жағдайы қанағаттанарлық, – деді Нұрлыбек Ермекұлы.
Бүгінгі күні барлығы 100 адам стационарларға орналастырылған. Жұқпалы аурулар ауруханасында – 2 адам, Кумыска кентіндегі провизорлық госпитальде – 57 адам, Бәйтерек ауданында ЖРВИ белгілері бар – 13 адам, облыстың карантиндік госпиталіне аурумен қарым-қатынаста болған – 28 адам жатқызылды.
– Соңғы уақыттарда шетелдерде және еліміздің көптеген аймақтарында коронавирустық жұқпаның тіркелу оқиғасы көбеюде. Соған байланысты тұрғындардан үйлеріңізден көп шықпауға және жеке гигиена талаптарын сақтауға шақырамыз. Сабынмен қолды жиі және мұқият жуу, қолға арналған спиртті антисептиктерді пайдалану, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, сырқат адамдармен қатынаста болмау, суық тию белгілері пайда болған жағдайда (дене қызуының жоғарылауы, мұрынның бітелуі, жөтел, тамақтың ауруы) дереу үйге жедел жәрдем шақыру керек, – деді Нұрлыбек Мұстаев.
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу