8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Наурыз 2020 3395 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ КОРОНАВИРУСТЫҚ ЖҰҚПАНЫ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫН КҮШЕЙТУ ЖӨНІНДЕ ҚАУЛЫ ЖАРИЯЛАДЫ

Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мұхамғали Қайыржанұлы Арыспаев,  Қазақстан облысының  аумағында жаңа коронавирустық жұқпаның (COVID-2019) әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы қаулы жариялады. 

Мен, Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Мұхамғали Қайыржанұлы Арыспаев, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 21-бабы 12-тармағының 6)-тармақшасы, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығы, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің 2020 жылғы 17 наурыздағы №53-НҚ және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 18 наурыздағы №169 «Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығының қолданылу кезеңінде сауда объектілерінің жұмыс істеуі жөніндегі ұсынымдарды бекіту туралы» бірлескен бұйрығы, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 16 наурыздағы №25-ПГВр «Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» қаулысы (бұдан әрі – Қаулы), Батыс Қазақстан облысының (бұдан әрі – БҚО) халқы арасында жаңа коронавирусты жұқпаның (бұдан әрі – КВЖ) әкелінуі мен таралуына жол бермеу және адамның өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

I.     БҚО аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу: 

Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына, сондай-ақ меншік нысанына қарамастан заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларға (адамдар көп жиналатын объектілердің меншік иелері мен жалға алушыларына):

кинотеатрлардың, түнгі клубтардың, фитнес орталықтардың, тренажер залдарының, балалардың ойын-сауық орталықтарының, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарының (даму, білім беру орталықтарының, үйірмелердің, факультативтердің және басқа да объектілердің), компьютерлік клубтардың, спорт кешендерінің (үйірмелердің, секциялардың және басқалардың), санаториялық-курорттық объектілердің, кальяндардың (оның ішінде қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салу), азық-түлік емес сауда базарларының (аумақтағы азық-түлік базарларын және азық-түлік қоймаларын қоспағанда), ірі сауда үйлерінің, сауда-ойын-сауық орталықтарының (оларда орналасқан тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды өткізу жөніндегі объектілерді қоспағанда), кез келген басқа ойын-сауық объектілерінің қызметін тоқтата тұру;

аумағы 2000 шаршы метрден кем сауда объектілерінің (сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық- түлік базарлары, супермаркеттер, шағын маркеттер және басқа да бөлшек сауда объектілері) жұмысын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін шектеу. Кемінде 1 (бір) метр қашықтықты сақтай отырып, кезектің 5 адамнан артық түзілуіне жол бермеу;

қоғамдық тамақтану объектілерінің (дәмханалар, мейрамханалар, барлар, асханалар және басқалар) жұмысын бір мезгілде 50 адамнан аспайтын сағат 22.00-ге дейін шектеу. Ірі сауда объектілерінің аумақтарында орналасқан фуд-корттарда кемінде 2 (екі) метр үстел арасындағы қашықтықты сақтауды қамтамасыз ету;

медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарында, интернат үлгісіндегі, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында толық карантинді (келушілерге тыйым салуды) және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді қамтамасыз ету;

жаппай болатын және тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінде (азық-түлік базарлары, діни мақсаттағы объектілер, ХҚКО, коммуналдық шаруашылық, моншалар, тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану объектілері, вокзалдар, әуежайлар, қызмет көрсету саласы объектілері (сұлулық салондары, ателье, қонақ үйлер және басқалар), денсаулық сақтау объектілері (оның ішінде дәріханалар) санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейту (қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатуды қамтамасыз ету); әрбір 3 (үш) сағат сайын үстелдердің, орындықтардың, экскалаторлардың тұтқалары мен баспалдақтардың, есіктердің, лифтілер мен едендердің бетін арнайы дезинфекциялық құралдармен өңдеу жүргізу; дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, жұмыстар жүргізу, объектілерді үнемі желдетіп отыру;

келушілердің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу үшін барлық жұмыс істеп тұрған объектілерде кіреберістерде тепловизорлар орнату; объектілерге іргелес жатқан аумақты тәулігіне кемінде 1 рет дезинфекциялау құралдарымен өңдеу;

қоғамдық көлікті әр рейстен кейін, қоғамдық көлік аялдамаларын (күніне бір рет), жалпы пайдалану орындарын (тротуарлар, саябақтар, скверлер, алаңдар және басқалар) (тәулігіне бір рет) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып өңдеуді қамтамасыз ету;

әр 3 (үш) сағат сайын ауыстыруға жататын бетперделермен сауда, қоғамдық тамақтандыру объектілерінде және ауысымына кемінде 2 (екі) рет ауыстыруға жататын қолғаптарды пайдалана отырып, халыққа қызмет көрсету. Қорғау құралдарының бүтіндігі бұзылған жағдайда азық- түлікпен тікелей байланысы бар адамдарға: сатушыларға, аспаздарға, даяшыларға, кассирлерге және басқа қызметкерлерге оларды дереу ауыстыру;

көкөністер мен жемістерді қоспағанда, буып-түйілген түрде тамақ өнімдерін өткізуді жүзеге асыру;

КВЖ алдын алу мәселелері бойынша халықты үнемі хабардар етуді қамтамасыз ету, халық арасында үрейленудің алдын алу жөнінде шаралар қабылдау.

 

Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне:

КВЖ күдігі бар науқастарды, КВЖ бойынша байланыста болған адамдарды, сондай-ақ КВЖ бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарды емдеуге жатқызу орындарын күзету;

КВЖ бойынша байланыста болғандарды іздестіру және карантинге орналастыру жөнінде шаралар қабылдау.

 

Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасына:

жоспарлы медициналық қызметтер көрсетуді шектеу (жоспарлы емдеуге жатқызу, профилактикалық тексерулер, скринингтер, оңалту);

КВЖ бар пациенттерді емдеу үшін қажетті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қамтамасыз ету;

стационарлық Денсаулық сақтау ұйымдарында карантинді енгізуді қамтамасыз ету;

іс-әрекеттері ошақта қараумен, тасымалдаумен, жұмыспен, емдеуге жатқызумен, еммен және оған күдігі бар науқастарды қызмет көрсетумен байланысты медицина қызметкерлері мен қызметкерлердің жоғары дәрежелі қорғану маскаларын немесе респираторларды пайдалануды қамтамасыз ету.

 

Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасына:

мектепке дейінгі балалар ұйымдарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтау (желдету, ауысымда кемінде үш рет ылғалдандыру, дезинфекциялау);

мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі топтар үй-жайларын кейіннен желдетумен кварцтау;

мектепке дейінгі балалар мекемелерінде таңертеңгі тексерістен өткізу (балаларды топқа қабылдау кезінде қарау);

каникул кезінде және төтенше жағдайдың әрекет ету мерзімінде оқушылардың экскурсиясына тыйым салу.

 

Сеніп тапсырылған аумақтарда Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау аумақтық басқармалары:

Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, КВЖ таралуының алдын алу бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

санитарлық-карантиндік бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

байланыста болғандарды оқшаулаудың жүргізілуін, сондай-ақ карантин жағдайында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылау. Үй карантиніндегі байланыста болған адамдарды, сондай-ақ олармен бірге тұратын адамдарды үйде оқшаулау ережесін (үй карантин) сақтау қажеттілігі туралы қол қойғыза отырып, хабардар ету;

КВЖ таралуының алдын алу жөніндегі көрнекі жұмыстарды орналастыруды ұйымдастыру, КВЖ профилактикасы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасынан кететін азаматтарына және шетелден келетін барлық азаматтарға жадынамалар тарату;

мемлекеттік шекарадағы бақылау органдарының қызметкерлеріне КВЖ таралуының алдын алу және алдын алу шаралары бойынша нұсқама беру;

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысын орындау бойынша өзге де шараларды қабылдау.

 

«Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы», Батыс Қазақстан облысы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына:

КВЖ күдігі бар науқастарды және байланыста болған науқастарды зертханалық тексеру;

КВЖ ошақтарын дезинфекциялық өңдеу;

полимеразды-тізбекті реакция, вирусологиялық зерттеулер, молекулалық-генетикалық зерттеулер жүргізуге арналған тест-жүйелер, диагностикумдар, КВЖ науқастарынан үлгілерді алуға арналған шығын зертханалық материалдардың, шығыс материалдарының азаймайтын қорын қамтамасыз ету.

 

Осы қаулы барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ өзге де мүдделі тұлғалардың назарына, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізілсін.

Осы қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке кәсіпкерлердің, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.

Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап заңды күшіне енеді.

Батыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері                    М.Арыспаев           

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
281 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
286 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
421 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
715 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
814 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1052 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1321 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1549 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1585 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1737 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1933 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2156 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2244 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»