8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Маусым 2020 1465 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО АУМАҒЫНДА «ТЕРЕЗЕНІ ЖАП – ҮЙДЕ БАЛА БАР» АКЦИЯСЫ  ӨТУДЕ

Көппәтерлі үйлердің терезелерінен балалардың құлауын алдын алу мақсатында Батыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар Департаменті «Терезені жап – үйде бала бар» акциясын ұйымдастыруда. 

БҚО ТЖД хабарлағандай, акцияның мақсаты отбасы жағдайында балалардың өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және балалардың терезеден құлау оқиғаларының алдын алуы,       ата-аналардың назарын балаларды қадағалау қажеттілігіне аудару, үй-жайда қараусыз қалдырмау.

Департаментпен «Балаңызда қанат жоқ» тақырыбында  плакаттар әзірледі. Плакаттар көп қабатты үйлердің хабарландыру тақталарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде орнатылды.

Акция аясында пластикалық терезелер орнатумен айналысатын кәсіпкерлер арасында #БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ӨЗ ҮЛЕСІҢДІ ҚОС челленджі жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда аталған челлендж аясында 11 көп балалы отбасының үйлерінде терезелерді ашудың қауіпсіз құрылғылары орнатылды.

Сондай-ақ, аталған акцияға Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар бірлестігі белсенді қатысуда, олар өз кезегінде балалардың қауіпсіздік құрылғыларына шұғыл мұқтаж көп балалы және аз қамтылған отбасыларды іздестірумен және тізімін қалыптастырумен айналысуда.

Еске сала кетейік, мамыр айының 9-10 күндері Оралда 5 және 7 жасар екі бала терезеден құлаған еді.

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»