8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
16 Тамыз 2021 1214 0
Дені сау ұлт

БҚО-ҒА VERO CELL ВАКЦИНАСЫНЫҢ 10 МЫҢ ДОЗАСЫ ЖЕТКІЗІЛДІ

Кеше түнде, яғни 15 тамызда облысымызға COVID-19 (Vero Cell), белсенділігі жойылған (Sinopharm) вакцинасының 10 000 дозасы жеткізілді. Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқарамсының баспасөз қызметі хабарлады. 

Белсенділігі жойылған (Sinopharm) COVID-19-ға қарсы (Vero Cell) вакцина  – SARS-CoV-2, 19nCoV-CDC-Tan-HB02, штамынан жасалған, ол кейіннен сұйық вакцина қалыптастыра отырып, алюминий гидроксидінен адъювантпен адсорбциялау арқылы  өсірінді алу және жинақтау, β-пропиолактонмен белсенділігін жою, концентрациялау және тазарту үшін Vero жасушаларына егіледі. Вакцинада антибиотиктер мен консерванттар жоқ.

Вакцина 18 жастан асқан ересектерге арналған. Вакцинамен байланысты күрделі жанама реакциялар байқалған жоқ.  Екінші компонентті арасына 21-28 күн салып қабылдау керек.

Вакцинаны енгізуге қарсы көрсетілімдер ретінде вакцинаның кез-келген компонентіне (оның ішінде қосымша заттарға) аллергия, вакцинаға аллергиялық реакциялар (жедел аллергиялық реакция, ангионевроздық ісіну, ентігу), бақыланбайтын эпилепсия немесе жүйке жүйесінің басқа да үдемелі аурулары, сондай-ақ анамнезінде Гийен-Барре синдромының болуы, жүктілік және лактация кезеңі, 18 жасқа дейін жас ерекшелік көрсетілген. Егер вакцинациядан кейін жүйке жүйесі тарапынан жағымсыз реакциялар пайда болса, осы өнімді қайта пайдалануға тыйым салынады.

Вакцинаны  жедел ауруы, созылмалы аурулардың өршуі және қызбасы бар пациенттер сақтықпен қолдану керек, қажет болған жағдайда, дәрігер вакцинацияны жүргізуді кейінге қалдырады. Сондай-ақ қант диабетімен ауыратын пациенттерге және анамнезінде немесе отбасы анамнезінде құрысулар, эпилепсия, энцефалопатия, психикалық аурулары бар пациенттерге, вакцинаны бұлшықетке енгізу кезінде пайда болуы мүмкін қан кету қаупіне байланысты қанның ұюының бұзылуы және тромбоцитопения бар пациенттерге  және   қатерлі ісік, нефроздық синдром, ЖИТС-пен ауыратын науқастар сияқты иммундық функциясы бұзылған пациенттерге сақтықпен қолдану ескертіледі.

Иммундық-глобулиндер қабылдайтын адамдар иммундық тиімділікке әсер етуді болдырмау үшін осы препаратпен кемінде 1 ай аралықпен вакцинациялануы тиіс.

Вакцинаны пайдалану кезінде өте жиі жағдайда инъекция орнындағы ауырсыну, бас ауруы, жиі қызба, шаршау, миалгия, артралгия, жөтел, ентігу, диарея, қышыну болады. Ал кейде  қызару, ісіну, қатаю, бөртпе, қышыну, бас айналу, анорексия, құсу, ауыз-жұтқыншақтың ауыруы, дисфагия, тұмау, іш қатуы, аса жоғары сезімталдық байқалады. Сондай-ақ сирек жағдайда эритема, жедел аллергиялық реакция, шаршау, ұйқышылдық, ұйықтай алмау,  түшкіру, назофарингит, мұрынның бітелуі, тамақтың құрғауы, тұмау жағдайы, тітіркендіргіштерге төмен сезімталдық (гипестезия), аяқ-қолдардағы ауырсыну, жүрек соғысының жиілеуі, іш аймағындағы ауырсыну, бөртпе, терінің және шырышты қабықтардың қалыптан тыс жағдайы, безеу, көздің ауыруы (офтальмодения), құлақтағы жағымсыз сезімдер, лимфа түйіндерінің ұлғаюы (лимфаденопатия) болуы мүмкін.

Қалтырау, дәм сезудің бұзылуы, дәм сезбеу, күйдіру және ашыту сезімі (парестезия), тремор, зейін концентрациясының бұзылуы, мұрыннан қан кету (эпистаксис), демікпе ұстамалары, тамақтың жыбырлауы, тонзиллит, физикалық жайсыздық, мойынның ауыруы, жақтың ауыруы, мойынның тығыздалуы, ауыздың шырышты қабығындағы жаралар, тіс ауруы, өңеш қызметінің  бұзылуы, гастрит ұстамалары, нәжістің түссізденуі, көздің ауыруы (офтальмодения), бұлыңғыр көру, көздің тітіркенуі, құлақтың ауыруы, күш түскенін сезіну, қысым, төмен қан қысымы, несеп ұстамау, етеккірдің кешігуі – өте сирек болады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың сәуір айында елімізге  Sinopharm компаниясының Біріккен араб әмірлігенде шығарылған Hayat-Vax вацинасы жеткізілген болатын. Vero Cell вакцинасы Hayat-Vax-тан тек өндірілген жерінде ғана айырмашылы бар, басқа айырмашылығы жоқ. Бұл да қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасы бойынша сараптамадан өткен, белсенділігі жойылған вакцина.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Еске алу
Батырлар рухына тағзым етті
05 Мамыр 2024
102 0
Қалалықтар қаперіне
Бірді-бірге соғыстырып, күнәға батпайтын!
03 Мамыр 2024
279 0
Қалалықтар қаперіне
«Қазавтожолдың» техникалары өз облысына қайтты
03 Мамыр 2024
319 0
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
594 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
606 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
732 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
1034 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
1126 0
Қоғам
Мемлекет шығынды түгел өтейді
25 Сәуір 2024
1154 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1365 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1636 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1860 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1900 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
2047 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
2245 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»