БҚО-ҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ДИСПАНСЕРІ ҚАЖЕТ
Бүгін, 20 ақпан күні халықпен есептік кездесу кезінде БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңірде спорт саласындағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады. Бұл саладағы маңызды мәселе – диспансерді ашу жөнінде тиісті салаларға тапсырма берді.

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес, Жаңақала және Бөкей ордасы ауданында 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 6 ауданда 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Осы жылы облысымызда Дариян, Тайпақ және Бұлдырты сияқты ірі ауылдарында спорт нысандарының құрылысы басталады.
Тұрғындардың спортқа қызығушылығын арттыру және жастарды спортқа тарту мақсатында өткен жылы бюджет және демеушілер есебінен 46 спорт алаңы салынды. Ал 2021 жылы облыс орталығында 20 көпбейінді спорт алаңын салу көзделіп отыр.
– Орал қаласында жеке кәсіпкерлердің белсенділігі қуантады. Олардың қаражатына 7 нысан ашылды. Аудандарды айтар болсақ, Бәйтерек ауданының Погодаево ауылында мәдени-спорттық кешен, Казталов ауданының Бостандық ауылында бокс залы және Жәнібек ауданында ат спорт мектебі ашылды, – деді Ғали Есқалиев.
Өңір спортшылары бокстан, үстел теннисінен, әйел күресінен және басқа да спорт түрлерінен жақсы нәтиже көрсетті. Облысқа медициналық дене шынықтыру диспансері керек. Арнайы спорт диспансердің болмауы балаларды жастайынан қабілетіне қарай спорт түрлеріне бағыттауға, денсаулықтарын бақылауға және жасөспірімдердің даярлығына кері әсер етіп отыр. Осы ретте облыс басшысы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен денсаулық сақтау басқармасына мәселені шешуді тапсырды.
Сондай-ақ Ғали Есқалиев адам ғұмырының өлшемі де тіршілігі де денсаулыққа байланысты екенін атап, пандемия кезінде денсаулыққа көңіл бөлудің маңызын айтты.
– Спортпен шұғылдану үшін үлкен кешендерге, жаттығу залдарына бару міндетті емес. Бар болғаны спортты өмір салтымызға айналдыруымыз қажет. Ал кейде бос уақытымыз той-томалақпен, ойын-сауықпен өтіп жатады. Өңірімізде кейінгі кезде той тойлайтын нысандардың ішінара спорт алаңдарына айналып жатқаны көңіл қуантады. Той тойлайтын заман емес, ой ойлайтын заманда денсаулыққа көңіл бөлгеніміз абзал, – деді Ғали Нәжімеденұлы.
Эльмира НҰҒМАНОВА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев ҚР Жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумда дауыс берді
Представители этнокультурных объединений Западно-Казахстанской области призвали голосовать на референдуме
Оралдағы №230 референдум учаскесінде балаларға арналған аквагрим ұйымдастырылды
Отандық фармацевтикалық өндіріс өз позициясын нығайтуда: Қазақстандық дәрі-дәрмектердің үлесі 40%-ға жетті
68% иностранных инвестиций Центральной Азии сосредоточены в Казахстане
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев берекелі әулетке көрісе барды
Digital Nauryz: БҚО-да Амал мерекесіне орай цифрлық құттықтау ұйымдастырылды
Ата заң жобасы – азаматтармен адами қарым-қатынас түзудің жарқын көрінісі
Қонаевтағы дрон-шоу: Қазақстан картасы, референдумға шақыру және Наурыз мерекесімен құттықтау
Бүгін үгіт аяқталады: ОРК референдум алдындағы заң талаптарын еске салды
Орталық референдум комиссиясы комиссиялардың референдумға толық дайын екенін мәлімдеді
Жаңа Конституция жобасы – адам құқығы мен бостандығының кепілдігін күшейтуге бағытталған

Кіру
Пікір үстеу