8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Мамыр 2019 1741 0
Қалалықтар қаперіне

«Бұйымдар тұр музейде иелері – өмір сүрген сан ғасыр бізден бұрын…»

Халықтың тарихи танымының шежіресі, түрлі оқиғалар мен кезеңдердің куәгері – музей. Мұндағы әр бұйымның, әр құжаттың өзіндік тарихы бар. Осы дүниелерге зер сала отырып, руханият дүниесіндегі бірнеше оқиғалар мен кезеңдердің дәуірлік құнды деректерін байқауға болады. Ақ Жайық өлкесінің терең тарихынан сыр шертетін Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде қазіргі уақытта 195 мыңнан аса жәдігер сақтаулы. 18 мамырда өткен халықаралық музейлер күніне орай осы музейдің бастамасымен бір күн бойы түрлі шаралар ұйымдастырылып, қалалықтар мен шаһарымыздың қонақтары түн ортасына дейін музейдің жәдігерлерін тамашалауға мүмкіндік алды. Кәсіби мерекеде бір топ үздіктер алғыс хаттармен марапатталды.
Халықаралық музейлер кеңесінің 1977 жылдағы Museum Day (ICOM) кезекті отырысында қабылданған шешімімен 1978 жылдан бастап жыл сайын 18 мамыр – Халықаралық музейлер күні аталып өтеді. Бұл 150-ден астам мемлекетте кәсіби мерекелер қатарында. Қазақстандағы музейлік бастаманы біздің өлкеде 1828 жылы Жәңгір хан көтерген. Сол кезеңде ол өз ордасында көрме залын ашады. Бұдан кейін әр жылдары басқа қалаларда музейлер ашыла бастады. 180 жылға жуық тарихы облысымыздағы тарихи-өлкетану музейі де еліміздегі ең көне музейлердің бірі. Музей қорында археологиялық жәдігерлердің, зергерлік, этнографиялық бұйымдардың мол коллекциясы жинақталған. Музей тарихи құнды жәдігерлерді сақтау, зерделеумен қатар, қазіргі жаһандану талаптарына сай, көпшілікпен байланыс орнатудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, кейінгі ұрпақты дәстүрлі құндылықтарымызбен тәрбиелеуде белсенді рөл атқарып келеді. Музей директорының орынбасары Ажар Берікқалиева атап өткендей, музей сегіз залдан тұрады. Бұдан бөлек биылғы жылы музей қорындағы жәдігерлерді сөйлету мақсатында сағаттар, қару-жарақ, құмыралар көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ облыстық музейіміз жерлесіміз Мәншүк Мәметованың Кеңес Одағының батыры атағын алғанына 75 жыл толуына орай Алматы қаласында «Мәншүк рухына тағзым» көрмесін ұсынды. Сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи музейінде «Үшінші майдан» атты көрмесі жасақталды. Бұл көрмені де бас қаланың тұрғындары мен қонақтары жыл соңына дейін тамашалай алады.
Мерекеге арналған шараларды жоғары деңгейде өткізуге облыстық музейдің қалалық және аудандық бөлімдері атсалысты. Таңертеңнен басталған шаралар легі «Бабалар мұрасы – ұрпақ қазынасы» тақырыбы аясында өрілді. С.Ғұмаров музей үйінде «Жас суретшілер әлемі» көрмесі, М.Мәметова музей үйінде «Мәнсия» тақырыптық экскурсиясы, Е.Пугачев музей үйінде «Ғасырлар қойнауынан жеткен тарих» көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. «Рухани жаңғыру» музейінде жаңа экспозициялық зал ашылып, «Тарих беттерінің куәгерлері» атты театрландырылған көрініс қойылды. Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Қазақстанның алма мен қызғалдақтың отаны екенін және бүгінде жер жүзінде өсетін қызғалдақтың 3 мың түрінің басым бөлігі – біздің дала қызғалдағының «ұрпағы» екенін айтқан еді. Осы ретте Табиғат және экология музейі «Ұлы дала қызғалдағы» атты мәдени шара ұйымдастырды. Пушкин музейінде Дариян орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Пушкин балы» атты әдеби-сазды кеші өтті. Бұлі күнгі шараларға бүлдіршіндер де атсалысты. Яғни, «Шолпан» балабақшасының тәрбиеленушілері мерекеге сый ретінде «Ертегілер әлеміне саяхат» жасатты. Балалар мен жасөспірімдер «Квест» ойынына қатысып, музей алаңында құрылған киіз үйде робототехника, қолөнер және археология залында саздан бұйым жасау өнері бойынша шеберліктерін шыңдады. Музей алаңында арқан тартысу, қой көтеру, асық ату сынды ұлттық ойындар өтіп, домбыра-Party ұйымдастырылды.
«Туған жер – тұнған тарих» тақырыбымен музейдің барлық залдары бойынша жүргізілген дәстүрлі экскурсиялық марафонды өңіріміздегі белсенді жастар қолға алды. Экскурсиялық марафонға қатысқан жастар мен айтыскер ақындар «Археология», «Жайық қалашығы», «Қазақ хандығы», «Жауһар жәдігерлер», «ХХ ғасыр тарихы», «Ассамблея», «Өнер», «Елбасы және тәуелсіздік» залдары бойынша экскурсовод қызметін атқарды. Солардың бірі – «Жас Отан» жастар қанатының облысымыздағы филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев. Ол музейге келгендерге «Археология» залын таныстырды. Айтуынша, экскурсия жүргізуге дайындық барысында өзі де жаңа мәліметтерге қанығып, тарихи деректер туралы білімін толықтыра түскен.
– Тақсай ханшайымы туралы ең бірінші Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейден көріп, білген болатынмын. Ол кезде бізге жалпы ақпарат қана берілген екен. Археология залы бойынша экскурсия залын таныстыру туралы ұсыныс түсіп, дайындық жүргізген кезде толығырақ танысып, археологиялық зеттерулерге қатысқандай сезімде болдым. Негізінен 1965 жылы, яғни жер игеру кезінде сол орыннан мүйіз мүсіндес су ішетін ыдыс табылған. Ол уақытта ел ішіндегі жағдайларға байланысты қолға алынбағанымен, 2012 жылы облыстық археология зерттеулер орталығының бастамасымен қазба жүргізілген. Зерттеу нәтижесінде оның мәйітінен 119 алтын бұйым табылған. Жанынан табылған бұйымдарға қарағанда Тақсай ханшайымы көріпкел болған деген болжам бар. Сондай-ақ ол сыйлы, мәртебелі болған деседі. Қазба жұмысын Яна Лұқпанованың жетекшілігінде жасақ жүргізсе, ханшайымның реконструкциясын жасаған Қырым Алтынбеков, – деп жеткізді Нұрғали.
Бір күндік шаралар барысында қаладағы жастар шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен мерекелік концерт тарту етіліп, аталмыш орталықтың, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның және Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театрының әртістері өнер көрсетті. Музей саласы қызметкерлерін облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қадырболат Мұсағалиев құттықтады.
– Облысымыздағы музейлер қарқынды жұмыс жасап келеді. Тарихи-өлкетану музейінің қалалық, аудандық бөлімдерінің де ісі ілгері басуда. Соның ішінде шалғайда орналасқан Жәңгір хан музейін атап өту керек. Өткен жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Ақ Жайыққа келген сапарында музей ісінің дамуына, Жәңгір хан музейі жұмысын жандандыруға жол ашып берді. Бүгінде Тұңғыш Президентіміздің осы тапсырмасымен Бөкей Ордасы ауданы бағытына жол құрылысы басталды. Бұл тарихи орынға туристердің көбірек келуіне септігін тигізері анық. Сондай-ақ өңіріміздегі басқа музейлердің де орны ерекше. Өткен жылы алғаш рет ұйымдастырылған республикалық «Рухани қазына» фестивалінде С.Датұлы атындағы музей бас жүлдені иеленіп, жеңімпаз атанған болатын. Биыл осы жобаға облыстық тарихи-өлкетану музейі қатысуда. Облыстық музей де биіктен көрінеді деген үміттеміз. Өйткені өлкетану музейі республикада тың жаңалықтармен, тың идеялармен көрінуде, – деген Қадырболат Қабдырұлы сан қырлы тарихи өркениеттің қалыптасу жолын насихаттауда еңбек етіп жүрген сала қызметкерлеріне табыс тіледі.
Мерекелік кеште облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Ажар Берікқалиева, музей қызметкерлері Малика Ахметоваға, Мунира Ержакаева, Динара Қапезова, Күміс Шәріпқалиева, Сәндігүл Тілепбергенова, М.Мәметова мемориалдық музейінің экскурсоводы Аяжан Дәукенова, М.Мерәліұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Нұрлан Меңдешев, С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Ақжол Маратов облыс әкімінің алғыс хатын алды.
Облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы директоры Виктор Фомин республикалық қоғамдық кеңес шешімімен «Қазақ мәдениетінің қайраткері» құрметті атағымен, тарихи-өлкетану музейінің бас қор сақтаушысы Гүлзада Бақытова «Қазақстан таланттары өнер-білім дамыту шығармашылығы орталығының шешімі бойынша «Өнер саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Тағы бірнеше қызметкер облыстық мәдениет басқармасы басшысы мен «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағы» облыстық филиалының алғыс хатын алды.
Эльмира НҰҒМАНОВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
383 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
478 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
721 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
989 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1215 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1253 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1405 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1600 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
1830 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
1916 0
Бәрекелді!
Шетелде оқу грантын ұтып алды
11 Сәуір 2024
2028 0
Қалалықтар қаперіне
Су тасқыны қаупі келді!
11 Сәуір 2024
2033 0
Оқиға
«Бекіре-2024» басталды
11 Сәуір 2024
2067 0
Дені сау ұлт
Сібір жарасы көмінділерін тексерді
11 Сәуір 2024
2067 0
Мезгіл мәселесі
Ұлттық ұлан сарбаздарына алғысын білдірді
10 Сәуір 2024
2173 0
Қалалықтар қаперіне
Судың деңгейі қауіпті межеге жетпеді
08 Сәуір 2024
2396 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»