Б.АХМЕТОВ: «ЕКПЕ ЖАСАУ АРҚЫЛЫ КОРОНАВИРУСТЫ ТОҚТАТА АЛАМЫЗ»
Бүгінде әлем коронавирус індетіне қарсы күресуде. Індетті жеңудің басты амалы вакцинациялау. Бұл ретте тұрғындардың басым бөлігі вакцинаны алу қажет. Эпидемиологтар атап өткендей, сонда ғана ұжымдық иммунитет қалыптасып, аурудың беті қайтады. Осы орайда батысқазақстандықтар да індетке қарсы екпе алуда белсенділіктерін көрсетуде. Солардың бірі – Бақтығали Ахметов. Медицина салысының ардагері қарапайым халықты егу басталған сәуір айында вакцина қабылдаған.
– Менің жасым сексен екіде. Елімізде коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталған кезде өздеріңіз білесіздер, жасы алпыстан асқандарға рұқсат берілген жоқ. Өйткені, қауіпті індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген – дәрігерлер мен полиция қызметкерлері ауруға қарсы препараттарды қабылдады. Кейін қарапайым халықты егу басталған шақта мен вакцина қабылдауға шешім қабылдадым. Алғашқы компонентін он төртінші сәуірде алдым. Таңдауым ресейлік «Спутник V» препаратына түсті. Отбасы мүшелеріміз толықтай екпе алды. Атап айтсам, жолдасым, қызым, немерем бәріміз егілдік. Ешқандай әсері байқалған жоқ, – дейді ардагер.
Сондай-ақ медицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен Бақтығали Ахметов аурудың бетін қайтарудағы екпенің маңыздылығы туралы жеткізді.
– Екпенің пайдасын бір кісідей білеміз. Өзім дәрігермін. Медицина саласының маманы ретінде бір мысал айтайын. Екпенің мүмкіншігі он жетінші ғасырда басталған. Ол кезде «шешек» деген жұқпалы ауру болды. Шешекті жұқтыру оңай болғандықтан, ол тез тарала бастады. Инфекцияны төсек-орын тысы арқылы немесе науқас адаммен бетпе-бет кездесіп те жұқтыруға болатын еді. Ауру тұмау сияқты басталды, содан кейін теріде көптеген жаралар пайда болды, жара пайда болған жерде тыртық қалды. Шешектен кейін тірі қалған адамдардың көпшілігі көру мүмкіндігінен жартылай немесе толығымен айрылған. Науқастардың 40 пайызы өліпті. Ол кезде қазіргідей вакцина тасымалы болмаған. Шешектің таралуы вариоляция – шешекті әдейі жұқтыруды енгізгеннен кейін баяулай бастады. Сау адамға науқастың шешек қуысының ішіндегі сұйықтықты енгізді, содан кейін ол шешекпен жеңіл түрде ауырған. Бұл ауруға қарсы вакцинацияның осы әдісін XVIII ғасырдың басында Еуропаға Осман империясынан Ұлыбритания елшісінің әйелі, Аристократ Мэри Уортли Монтага әкелген. Сол кезде Америкаға тірі вакцинаны кеме тасымалымен жеткізіпті. Су көлігіне сау жиырмадан аса жас адамға жаңағы ауру адамның денесіндегі жарадан алынған сұйықтықты егу арқылы тірі вакцина тасамалданып, осылайша қауіпті шешектен шетінеуді екі пайызға дейін төмендеткен. Міне, осындай екпе жасау арқылы біз осы коронавирусты тоқтата аламыз, – дейді Бақтығали Ахметов.
Айнара ИСА,
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу