«ҚАЗИИТУ»-ДА ТЫҢ БАСТАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА ҚҰМАР ЖАСТАР КӨП
Арайлым АЙТҚАЛИЕВА, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің студенттік ректоры:

– Бүгін біз үшін ерекше күн болды. Таңсәріден «ҚазИИТУ» жастары, оқытушы-ғалымдар, декандар, кафедра меңгерушілері Студенттер сарайында бас қостық. Оқу орны жанындағы зәулім ғимаратта Мемлекет басшысының Жастар жылын ашқан сәтін тікелей эфирде тамашаладық. Елбасының жарқын бастамалары жастарды бір серпілтіп, бойына жігер сыйлағандай, әр сөзін ұйып тыңдадық. Cебебі Көшбасшымыздың еліміздің болашағы – жастарға айрықша көңіл бөліп, зор сенім артуы қоғамның ауызбірлігін еселеп арттырды.
Елбасының үнемі жастарды қолдап, біздің саясатымызды дамытуды көздейтіні бекер емес. Ал «Жастар жылы» не атқарылуы тиіс? Қандай түйткілге басымдық берген абзал? Әсіресе, жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендетуге байланысты іс-шаралар қолға алынып, нақты нәтижеге қол жетеді. Олардың бос сенделіп жүрмеуі үшін мемлекет тиімді бағдарламалар қабылдады. «Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету әрбір жас буынға серпіліс берді. Олардың білім алып, білікті маман атануына жағдай жасау мәселесі де сөз болды. Елбасы бізге сенім артып отыр, ал біз осы үдеден шығуымыз керек. «ҚазИИТУ-да» тың бастамаларды жүзеге асыруға құмар жастар көп. Түрлі идеялар ойлап тауып, қай істе де көш басында келеміз. Соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері де баршылық. Ғылымды дамытамыз десек, әуелі инновациялық жобаларды мақұлдау қажет. «Жастар жылы» жағымды жаңалықтарға толы болғай.

Соңғы жаңалықтар
Оралда қоғамдық көліктерде жолақы төлеу тәртібіне мониторинг жүргізілді
Қазақстанда Құрылтай сайлауына бір айға жетер-жетпес уақыт қалды: кімді сайлаймыз?
Өңір басшысы әлемдік рекорд орнатқан өнертапқыш өрендерді қабылдады
Сайлауалды науқан: Qarmet-тен бизнес-форумға дейін – партиялар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатарының бағасы төмендеді
Экспериментальная база НЯЦ РК помогает совершенствовать безопасность современных АЭС
Атом саласындағы жаңа кезең: Қазақстанның бұл бағытта негізгі жетістіктері қандай?
Бір мінбер, жеті партия: сайлауалды науқандағы алғашқы саяси тартыс нені көрсетті?
Үгіт науқаны басталған соң партиялардың электоралды рейтингісі өзгерді
Сайлау науқаны кезеңінде дипфейктер жиілеуі мүмкін: Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы ескертеді
Құрылтай сайлауы: «Ақ жол» Respublica-ға жауап берсе, Қазақстан Халық партиясы ЖСДП сынына ашық үн қатты
Мемлекеттік қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда.
Азаматтардың басым көпшілігі «Заң мен Тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» идеясын қолдайды – сауалнама
Саяси пікірталас күшейді: ҚХП ЖСДП бағдарламасындағы бастамаларды сынға алды
Шағын модульдік реакторлар – Қазақстанның болашақ энергетикасының жаңа бағыты
Хан тоғайындағы 18 гектар аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді

Кіру
Пікір үстеу