«ҚАЗАВТОЖОЛҒА» СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ
30 наурызда БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚФ басшылығының қатысуымен қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабы тәртібінде енгізілген «Қазавтожол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облыстық филиалының басшылығына қатысты аяқталған қылмыстық іс бойынша ұсыным онлайн режимде қаралды.

Филиал басшылығы тарапынан Республикалық маңызы бар «РФ шекарасы (Самараға)-Шымкент 196 шақырым автомобиль жолдары учаскесінің Қазақстан – Ресей шекарасындағы «Сырым» өткізу пунктін абаттандыру бойынша күрделі жөндеу объектісінің бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталмағанын ескере отырып, қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Алайда, қылмыстық істі тергеу барысында бюджет қаражатын игеру кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды, осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту бойынша ұсынымдар әзірленді. Оның ішінде орындалған жұмыстарды қабылдау кезінде жұмыстардың уақытылы және сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында орындалған жұмыстарды көзбен шолып белгілеу үшін бейнеаппаратураны міндетті түрде пайдалануды қамтамасыз ету тапсырылды. Екіншіден, бюджет қаражатын бөлу мен жұмсаудың ашықтығын арттыру мақсатында орындалған жұмыстар актісіне «сырттай» қол қою практикасын алып тастай отырып, ресми интернет-ресурста және әлеуметтік желілерде хабарландыру жариялау арқылы әлеуметтік маңызы бар объектілердің құрылыс жұмыстарын қабылдау рәсімін жүргізу кезінде жұртшылықты тарту практикасын енгізу қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін құру туралы мәселені қарастыру, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу ұсынылды.

zhaikuni.kz
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу