8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
29 Қазан 2020 1367 0
Өзек

АЗАМАТТЫҚ НЕКЕДЕГІ ӘЙЕЛІН ПЫШАҚТАП ТАСТАҒАН

Бүгін азаматтық некедегі әйелін пышақтап өлтірген оралдық Андрей Кошиков 13 жылға сотталды. Қанды оқиға үстіміздегі жылдың 2-ші тамызында түнгі сағат бірдің шамасында болған.

45 жасар оралдық Андрей Кошиков пен оның азаматтық некедегі әйелі Наталья Зуенко ішімдік ішеді. Кейін өзара дауласып, Зуенконы Кошиков үйден қуып шығады. Әйел үйге қайта кірмек болады, алайда оны пәтеріне кіргізгісі келмеген А.Кошиков Зуенконы итеріп жібереді. Осылайша үйге кіре берісте өзара кикілжіңге келген екеуі төбелесіп, Андрей пышақпен есікті жартылай ашып, бірнеше мәрте Наталья Зуенкоға соққы жасайды. Алған жарақаттарының салдарынан Зуенко оқиға орнында жан тапсырады. Осылайша, көңіл көтерудің ақыры қайғылы оқиғамен аяқталады.

БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Бақыт Ермахановтың айтуынша, Кошиков бұған дейін бірнеше рет сотталған.

– 1995 жылы кісі өлтірумен 12 жылға сотталған. Одан кейін жол жүру қауіпсіздігін бұзғандары үшін сотты болған және притон ұйымдастырғаны үшін және ірі көлемде есірткі заттарын сақтағаны үшін сотты болған. Яғни 17 жасынан сотты болған ол 20 жылдай түрмеде отырған, – деді ол.

Кінәсін мойындаған қылмыскер 13 жылға сотталды.

Сот жасы кәмелетке толмастан, түрменің тұзын татқан жігіт ағасын маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу туралы шешім шығарды.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»