АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ «ОНЛАЙН» ЖҮРГІЗІЛЕДІ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті короновирустың таралуына жол бермеу мақсатындағы шараларға байланысты 2020 жылдың 18 наурызынан бастап «ANTIKOR ORTALYǴY» қызмет көрсету орталығының қызметінің және уақытша азаматтарды қабылдау тоқтатылғанын хабарлайды.

Департамент мамандары бұрын жазылған азаматтар өз кезегін сақтайтынын және қабылдаулар жаңартылғаннан кейін жаңа кесте туралы қосымша хабарланатынын жеткізді. Дегенмен, бекітілген кестеге сәйкес Департамент азаматтарды «онлайн» қабылдауды ұйымдастыруда. Бұл үшін кеңсенің 8 (7112) 98-47-08, 98-47-09 нөмірлеріне хабарласу қажет. Сонымен қатар, барлық азаматтар үшін «е-gov» электрондық үкіметі арқылы, сондай-ақ «Қазпочта» АҚ қызметтері арқылы өтініштерді жолдау мүмкіндігі сақталады. Қағаздағы өтініштерді қабылдау үшін Департаменттің кезекші бөлімінің бақылау-өткізу пунктінде арнайы жәшік орналастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сұрақтарыңыз болған жағдайда, 8 (7112) 98-47-57, 98-47-69 нөмірлері арқылы Департаменттің жауапты қызметкерлерімен хабарласа аласыздар. Азаматтар сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «1424» Call орталығына хабарлай алады. Call орталық 24/7 режимінде қызмет жасайды. Кезекші бөлім 98-47-20.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу