8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Тамыз 2020 906 0
Дені сау ұлт

АЗАМАТТАРҒА КЕПІЛДЕНДІРІЛГЕН ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУДЕН БАС ТАРТЫЛМАУЫ КЕРЕК – ӘМСҚ

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі МӘМС жүйесіне қатысу мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға көрсетіледі, ТМККК пакеті бойынша медииналық қызметтерді ұсынудан бас тартылмауы тиіс. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында қазақстандықтарға қандай тегін медициналық көмекті алуларына  болатынын түсіндірді.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі сақтандырылған мәртебесінің болуына қарамастан, барлығына ұсынылады. Медициналық сақтандыру қорына медициналық сақтандыруларының болмауына байланысты оларға медициналық көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары туралы пациенттердің  шағымдары жиілеп кетті. Бұл ретте ТМККК-ге кіретін медициналық көмек оған мұқтаж кез келген пациентке тегін және кедергісіз көрсетілуі тиіс екенін атап өткен жөн», – деп ӘМСҚ баспасөз қызметінде нақтыланды.

Мемлекет бұрынғыдай халықты базалық медициналық қызметтердің қажетті пакетімен қамтамасыз етеді:

– ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК (қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызу);

– ЕМХАНАЛАРДА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ (терапевтпен, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар тар мамандардан қабылдау және консультация беру, зертханалық қызметтер, диагностика, емдеу, вакцинация, скринингтер, 1 жасқа дейінгі балаларды патронаждау, жүктілікті жүргізу);

– ДИАГНОСТИКА ЖӘНЕ ЕМДЕУ:

әлеуметтік маңызы бар ауруларда (туберкулез, АИТВ, психикалық бұзылулар, қатерлі ісіктер);

негізгі созылмалы аурулар (диабет, артериялық гипертензия, вирустық гепатит, ревматоидты артрит және т.б.);

айналадағылар үшін қауіпті жіті жұқпалы аурулар.

Сондай-ақ, белгілі бір аурулар мен жағдайлар бойынша диспансерлік есепте тұрған азаматтардың санаттары тегін негізде дәрі-дәрмек ала алады.

МӘМС пакетіндегі қызметтерге келетін болсақ, «ҚР Денсаулық және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексіне» сәйкес сақтандырылған азаматтарға медициналық көмектің келесі түрлері ұсынылады:

амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек:

профилактикалық медициналық тексерулер;

учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша тар бейінді дәрігерлердің қабылдауы және кеңес беруі;

созылмалы аурулары бар адамдарды бейінді мамандардың динамикалық бақылауы;

жоспарлы түрде жүкті әйелдерге және 18 жасқа дейінгі балаларға, сондай – ақ шұғыл түрде-18 жасқа дейінгі балаларға, жүкті әйелдерге, ҰОС қатысушыларына, мүгедектерге, көп балалы аналарға, АӘК алушыларға (атаулы әлеуметтік көмек), зейнеткерлерге, инфекциялық және әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын науқастарға стоматологиялық көмек көрсету;

диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика, УДЗ, рентген, КТ, МРТ;

– мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, стационарлық медициналық көмек (үйдегі стационар, күндізгі стационар, тәуліктік стационар);

– медициналық оңалту.

Сонымен қатар, ӘМСҚ-да 15 әлеуметтік осал санаттағы 11 млн қазақстандық үшін мемлекет жарна төлейтінін еске салды. Осылайша, олар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінде медициналық көмек алады.

«МӘМС пакетіндегі барлық қызметтер сақтандырылған пациентке учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша және тегін негізде көрсетіледі. Егер пациентке тіркелген емханасы оның болмауына байланысты қандай да бір қызмет көрсете алмаса, онда ол пациентті медициналық көмектің осы түріне бірлесіп орындау шарты жасалған медициналық ұйымға жіберуі тиіс», – деп Қорда түсіндірілді.

Ақылы негізде медициналық қызмет көрсетуден немесе жолдама беруден бас тартылған жағдайда азаматтарға Qoldau мобильді қосымшасы арқылы тәулік бойы өтініш қалдыру ұсынылады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры пациенттердің құқықтарын қорғаушы ретінде шағымды қарап, қажетті шараларды қабылдайды.

 

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

КеАҚ БҚО бойынша филиалы

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Жалған ақпарат таратқандар жазаланды
30 Сәуір 2024
322 0
Қоғам
Қаржылық сауаттылық қажет пе?
30 Сәуір 2024
332 0
Оқиға
Тұрғын үй өртенді
29 Сәуір 2024
463 0
Қалалықтар қаперіне
Өз үйлерін тексере алады
26 Сәуір 2024
758 0
Қалалықтар қаперіне
Құжаттандыру бойынша көмектесуде
25 Сәуір 2024
855 0
Мезгіл мәселесі
Су тасқынына қатысты кейінгі деректер
23 Сәуір 2024
1096 0
Мезгіл мәселесі
Апаттан құтқару жұмыстары жүріп жатыр
21 Сәуір 2024
1362 0
Қалалықтар қаперіне
Су деңгейі көтерілді
19 Сәуір 2024
1591 0
Мезгіл мәселесі
Авторлық құқықты қорғау керек
18 Сәуір 2024
1626 0
Мезгіл мәселесі
Оқушылар қашықтан оқуда
17 Сәуір 2024
1779 0
Қалалықтар қаперіне
Эвакуациялау жұмыстары әлі де жалғасуда
15 Сәуір 2024
1974 0
Мезгіл мәселесі
Ұландықтар апат алаңдарында
13 Сәуір 2024
2198 0
Оқиға
Есірткі таратқан
12 Сәуір 2024
2285 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»